Құс жолы. Омарғазы АЙТАН

/uploads/thumbnail/20170709212711687_small.jpg

(Поэма )
 


 

 

Басталғанда шығыстан

Бір дүбір,

Әлемнің жарып шеңбері-

Шексіз кеңістікте идеялар шайқасып.

Орман теңселіп,шШайқалып кетті таулар,

Өзендер арнасынан тасып.

 

Таусылмас теңіздердің ұлы сыбыры,

Толқындар орнынан аунап түскенше.

Кім тоқтатар

Ынтығып өткен уақыттың алтын стрелкасын,

Ақиқат шарабын қанып ішкенше?!

Бұлжымас

Материяның тентек мінезі,

Оңай ма

Болжаусыз бір ойдың жетілмегі?!

Асау аттай

Бейне жаңа ғана үйретілген,

Адамзат қоғамы социялизм еркіндігі.

 

Кезіп жүрген еді

Жер мен көктің арасында

Құйтұрқы уасусы жын- перілер қастығының.

Арылтуға болама тез айықтырып,

Бұзылған қандардағы

Улы рахатын никотин мастығының?!

 

***

Асулы еді қабырғада

Жасыл қаритасы құс жолы жүйесінің,

Жұлдыздар бейне қозыдай көгенделген

Күміс көгеніне

Ұлы тәңір-аспан иесінің.

Түскиіз емес еді ол

Иәки бір кілем,

Жас жұбайлар тұсына ұстап,

Рахат сезімімен ұйқыға батқан

Әлде бір жігіт жар құшағында тыныстап.

жым-жырт түн,

қатты кіреуетте

бір қабат бойра үстінде- сонда жатып,

шаршап ұйықтаған еді ғалым

арық,

ұзын денесін сұлатып.

 

Көтеріп жүргендей

Түсінде оны біреу

Кеңістікке жеп-жеңіл церкул етіп,

Яки

Алып болат сызғыштай

Дөп-дөңгелек

Жасыл жазықтар үстінде көлбетіп.

 

Ойнағандай немесе лақтырып,

Күн орбитасында

Нютон оның екі аяғын көктен келтіріп

Бас салғалы тұрғандай еді.

«Темір қазық» түбінде

«Үлкен аю» оны талап өлтіріп.

Жұлдыздардан жұлдыздарға секіріп,

Бара жатқандай кейде

Түпсіз шыңырауға құлап.

Айналдырып жіберді ме кен әлде

Птоломей орнына келтіргенше

Осы сәтте

Күн жүйесінің құпия тұтқасын

Теріс бұрап

Бейшаралар планеталарды

Коперник орнына келтіргенше

Жерден емес, күннен айналдырып,

Өртеп өлтірген еді қанша ғалымдарды

Шіркеу жендеттері

Тірідей отқа жандырып?!

 

Шошып оянды ғалым,

Жұлдыздар соғылысып,

Ай өзінің алтын табағын сындырды ма ?

Періштелер аспан аясынан қашып шығып,

Күнәсіз сәбилер тозақ отында шыңғырды ма ?!

 

Кімдер екен ол даңғырлатқан,

Жұқа қаңылтырдай

Көк күмбезін қолымен иіп?

Келе жатқандай еді

Бір қара бұлт,

Күн күркіреп,

Найзағай өткір қамшысын үйіріп.

 

Орнынан тұрғанша ғалым

Киімін киіп,

Ескі дас, шелектерді ұрып,

Келген еді өңкей бір құбыжықтар

Аш қасқырдай,

Есіктен атылып кіріп.

 

Жұлып үзіп алды бір ұзын қол

«құс жолы» қаритасын,

Жұлып алғандай

Ғарыштың бір қабат терісін сыдырып.

Үлгерген еді олар

Аспанның осы жұқа жасыл терісін

Ғалымға қып қып кидіріп.

 

«Бітеу үйде жатқан бір қылмысты,

Сифрлармен азғындаған,

Бұ дүниеден,

Өмірден, тұрмыстан безіп.

Қайтарып әкеліңдер оның ит жанын,

Таптық күрестен қашып,

Жұлдыздар арасында жүрген кезіп!

 

Масқаралаңдар,

Мойнына жіп тағып!

Еңкейтіңдер

Басын иіп, тағызым еткізіп!.. –»

Осы сөздер еді сонда олардың айтқаны,

Айғайлап тұрып,

Күрес жиынында сүйегінен өткізіп.

 

 

 

 

 

***

Жығылып жатты кітап сөрелері,

Лаборатория ыдыстары иесіз бұзылып.

Болса егер

Ғылымдардың көз жасы,

Түсер еді ол ұлы жуң го аспанынан,

Жұлдыздай үзіліп!

 

Дойыр күш дәуірлегенде,

Ерте замандардан қалған бір сойыл,

Қолдарына шашақты найза алып.

Ақыл-ой, білім аяқ асты етіліп,

Масайраған еді

Өңкей бұзық, содырлар жиналып.

 

Әлде бір жыртқыш аң,

Яки варварлар басып кірді ме ?

Күнәға батпаған бір жас қыз

Тар бұрышта тығылып;

Шошынды ма әлде бір киік,

Сүрінді ме бір тұлпар

Жолда жығылып?

 

Тіксінді ме бір рух,

Шошынды ма әлде

Бір қарлығаш ұясынан ұшып?

Шошынғандай бір сәби

Ай жарығында

Бесігіне

Әлде бір үрейлі көлеңке түсіп.

 

Сауықтырмай ма бір киік

Өз жарақатын тілімен жалап,

Сойылға жығылса бір ғалым

Тән жарасынан меңдеп,

Сақайтуға болар еді оны

Сан, таңба, теңеулер қуанышымен емдеп!

 

Қанша рет өліп,

Қанша рет тірілді екен сол адам,

Бір рет өліп,

Бір рет тірілгенде есін жиып.

Көрден тұрған бір әруақтай

Басын көтеріп,

Талшық ету қандай рахат өх кәсібін сүйіп.

***

Жым-жырт бөлме.

Ақын қиялы емес,

Сифрлар қиялының нәзік сезіміне малынып,

Отырған еді ғалым

Бұл дүниенің

Арзан әуес, мазасыз қайғысынан арылып.

 

Тік тұрғызылды сонда

Алып бір форумла

Ұзақ қазып,

Жер қабатынан жаңа ғана суырылып алынып.

Тік тұрғызылғандай

Алып ихтиозавр,

Әлде бір ұшқыш кесірткі әйнекке салынып.

Қылдай нәзік бір сызық үстінде отырып,

Дерексіз логикасымен адамзат ақылының

Абцтарксиялар сауырынан сипап,

Оңай ма,

Шексіз кеңістікке қуалау

Зәрда депферетциясын

Қиялдар жарқылының!

 

Ертегі өгізіндей

Икс мүйізінен ұстап,

Косинус доғаларының

Зәулім есігінен ендіргенше,

Әлемнің осы ойларын

Асау тағыдай жуасытып,

Өз ырқыңа көндіргенше.

 

Бейіс рахаты,

Яки бір сұлу жар,

Тәтті ұйқы емес,

Қанша клеткалар тозып,

Қанша нерв талшықтары үзіліп.

Азайып,

Таусылы,

Сарылу оңай ма ?

Күн батып,

Ай туып,

Жұлдыздар сөніп,

Таң ағарғанша шеті сүзіліп!

 

Бұзылмаса еді- ау,

Таңғы түстей,

Бір адам басында тирмен тасындай айналған,

Теңдеулер системасындағы

Сол үлкен фигура

Тәңірдің алтын таразысының

Жалғыз тал қылына байланған!

 

Бозторғай шырылдап,

Қыран құс ұшпай көкте қанатын қағып,

Намазға ұйығандай

Шығыстың бір мұсылманы!

Дірілдеп тұрған шағы еді

Табиғаттың тұп-тұнық несібесі

Планетаның тап-таза дөңгелек ыдысындағы...

Әлде бір жыртқыш аң,

Яки  варварлар басып кірді ме ?

Ақ қағаз үстінде аяғы сынғандай

Әлжабр тұяғы кетіліп!

Эпикур

Пифагор

Есінен танғандай,

Евклид постулаты тамызық етіліп.

 

Жатты бұрышта Гуго теоремасы жыртылып,

Джордано Бруно от ішінен түрегелгендей.

Ли Сыгуаң түскен пароход.

 

Толқындарда дөңбекшіп,

Галилей ақиқат үшін өлгендей.

Теңселтіп жіберген еді қанша бастырды ?

Тропика тоғайындай

«философия» торғайы-  шытырман ішінен.

Шығып келген еді не бір сұрқия

Аш қасқырдай,

Қу түлкідей сұмырай пішінмен.

 

Жүреді өңкей алаяқтар

Қара көлеңкедей,

Жындай кезіп,

Отанның оңтүстігі мен солтүстігінде.

Ар-намыстан,

Ожданнан,

Ұяттан безіп.

 

Кешірмес жуыңхуа ұлты,

Қағаз өртеп,

Арша тұтатып,

жын-шайтандарды тозақ отына қуып;

кигізер әлі-ақ социализмнің ақ көйлегін

қасиетті отанға қайтадан жуып!

 

Не көрмеді жуңхуа перзенттері:

Ылғи боздақ,

Ер арыстары;

Қарт комунист

Ұзақ жорықтардан өткен,

Талай білгір,

Өнерпаз,

Данышпаны!

 

Алып кетті ғылымды,

Күз айының бір күні еді...

Қалды ыдыста қайнақ суы ішілмей;

Ақ қағаз үстінде арманы.

Ескі примос,

Қалды үстелде

Желінбей кепкен қара наны.

 

Қош бол,

Аспан тұлпарының игірік құйрығы,

Аққан жұлдыздай

Әлем кеңісінде бір жарқ етіп жоғалған!

Қош бол,

Теңдеулердің икс басы

Таутеке мүйізіндей

Сай ішінде

Көгеріп шалғында қалған.

 

Қайда, мейірбан уианжаңы,

Сәбилік замандарың бір еліндегі;

Ру ақсақалындай-

Құрметті басилеустей

Отыратын ғылым төріндегі!

 

Қайда, қасиетті академия,

Кафедралар қаңырап бос қалған,

Қанша ғалымға

Есік алдында

Ол-пұлын арқалатып;

Қор болды-ау сонда

Мың жылдар мәдениеті

Сілкіп лақтырғандай,

Отан даңқын

Орта ғасыр надандығына қайтадан бір шалқалатып!

 

Адам ата бейістен қуылғанда,

Адамзат нәпсісінің алғашқы күнәсімен.

Кім екен

Келген

Осы байтақ топыраққа?

Алған еді нендей асыл зат

Жер тәңірі үлесінен?!

 

Жукоудияннан шыққан бір ер, бір әйел
үйренгенде сан санауды,

Сары өзен бойында жер өлшеп,

Үй салып, арық қазып;

Қағаз жасап,

Қолына қыл қалам ұстап,

Кеткен еді талай сарбаз,

Ер-данышпандар

Математика заңдарын кітапқа жазып!

 

Жасанды жұлдыздар шығыс аспанын айналып,

Мыңдаған жылдар өтіп кеткенде,

Жалғыз тау сынығымен нұрлар жарқашының

Мәңгілік тылымматтарды қолға үйреткенде.

 

Низам таразысының мыс табағы сынып,

Электрон аспаптары есебінен жаңылды ма ?

Ақыл-ой өрмегінің арқауы үзіліп,

Микро сызықтары иесіз қалды ма ?

 

***

Құм төбелердің ар жағындағы

Ескі арба жолымен тозаңы көшкен,

Алып келді ғалымды

Ең шалғай бір қыстаққа,

Ақ тікен, жантақ өскен,

Адамзат қоғамы төк ағысы емес,

Магниттер өрісіндегі;

Яки бір дауыстар толқыны

Атмосфера кеңісіндегі.

 

Ұқсамас социялизм

Ұғымдар жазығындағы

Мінсіз шеңберлерге;

Қолына қалам алып,

Өлшеп шыққан

Радиустар бойымен

Церкул бұлттарының ашасына салып.

 

Жатар таулар

Мәңгі із түспеген,

Ақ қар, көк мұз болып иректеліп.

Ағар дариялар

Күміс айдағардай

Жуастқанынша сен оны сүйреп келіп.

Аралап көрсең едің, қамысты түкпірлерді

Жабайы ормандар басқан!
 

Оңай ма

Қоғамдық түс беріп өңіне келтіру

Татыр далаларды

Жел қақтап,

Құнары қашқан ?!

 

Алып келді ғалымды

Дәл сондай бір қыстаққа,

Құм төбелермен қоршалып,

Ұмыт болған

Отанның шалғай бір түпкірінде қалып.

 

Вагондар доңғалығынан туылған ізгі арман

Көктемгі қаздай тізіліп,

Қалған еді

Сол жылдары бір қиырда,

Реалистер табанында жіктей үзіліп.

 

Электр сымдары әлі келіп жетпеген,

Білте шам дәуірінде тұрып қалғандай жалғасы;

Өгіз арба ғасырында ұзақ жыл ұйықтап,

Маторлар елесімен түс көріп оянғандай.

Аласа балшық үйлер,

Ескі күресін,

Кептер ұшып, тауық өрген.

Көкшіл түндер аспан биігіндегі

Ұқсайды жұқа торғынға

Алыста көрген.

 

Наполеон сүргіні емес еді бұл,

Елен аралына ұқсамас бұл жер.

Бұл жылдары

Туылған еді мұнда

Ең аяулы ізгі сенімдер!

 

Құрылған сонда кедейлер комитеті,

Жиналып егін егіп;

Отырған еді қарт диқан

Қыр үстінде, ойланып темекі шегіп.

 

Қайда, сондағы жас жігіт,

Он шаруаны бастап,

Арық қазған ерте тұрып ?

Қанша жылдар...

Өтіп кетті...

Жыбу шужиі болғанынша ол

Шашына ақ кіріп?!

 

 

***

Алып келді ғалымды,

Үлкен қырманға

Ауыл сыртындағы

Бау жайулы жатқан.

Жатты бір кесек тас,

Нянлиң тау бөктерінен келіп

Осында мың жыл аунатқан.

 

Бір ғалым, бір Жыбу шужиі

Тың тұрғызылды

Осы тас алдында-

Ағаштан білік өткізген,

Балғалап қыр шығарып,

Қайыс байлап,

Қашарға сүйреткізген.

Әкелді ғалымды

Еңкейтіп белін игізіп,

Тұрғызды Жыбу шужиын қатар

Мойнына қамыт кигізіп.

 

Кетті екі арық қашар,

Тұрды қырман шетінде оттап.

Масқаралау еді бұл,

Бір ғалым, бір партия ұқыптысы-

Осы екі «қылмысты» ны соттап.

Крест тартып, мойындарына тақтай асқан,

Жіп байлап тамағы астынан.

Қара жазу жазып,

Ақ шүперекке

Жонына жапсырған.

 

Күнәлі етсе ғалымды:

Бұзылып азғындаған,

Ылғи бір шетелдік қисық сызықтарды сызып,

Айтпаған еді Жыбу шужиын:

-Құлатпақ болған, - деп, - социализм іргесін

Схема, чертеждарымен ауылдың ескі тамдарын бұзып.

 

Кетті екі қашар

Алысқа жәйіліп,

Түсті аунап көк шыбартас

Ағаштан білік өткізген;

Бірі ғалым, бірі партия ұқықтысы-

Осы екі «ат» қа сүйреткізген.

 

Бір шеңбер айналу- өзі бір әлем,

Үлкен қырманда жайулы бау жатқан.

Ұмытпас жуыңхуа ұрпағы

Бұл қорлықты

Осы аяулы екі ұлы мойнымен аунатқан!

 

Көкпеңбек таңбасы

Сілтенген таяқпен үйірілген қамшының,

Ізінде қалар-ау

Алтын моншақтай қып-қызыл тамшының!

 

Аяныш белгісі ашулы көздердің

Кірпіктер торында қамаулы тұрғандай;

Кекті бір долы арыстан

Сол торға кеудесін ұрғандай!

 

Тоқырап қалды-ау ғалым

Арық аттай екі бүктеліп.

Қос тізгінмен

Мойнынан басқанда ауыр жүрек келіп.

 

Кім аямас осы бейуаз пендені,

Шыбындай қауқары жоқ,

Жығылып жерде жатқан!

Қызыл жыл кітап ашып,

Жұлдыз санап,

Формулалар түнегінде қиялға батқан.

 

Қорлап құрту мүмкін бе,

Аспан кітабындай

Әлемдік ойлардың осы ұлы «күнә» -сін ?!

Жыртып өртеген еді олар

Қанша сифр, календарларды, ...

Жуңхуа ұлтының не асыл мұрасын!

 

Дойыр күш дәурендегенде,

Ақыл-ой

Жас сәбиді бесігінде қиналып.

Тұрған еді сонда

Жындай өрекпіп

Өңкей бұзық,

Азғын, есуастар жиналып.

 

Айтып жатты олар ғалымға

Қарғыс лағынатын,

Топырақ шашып, «шайтанға тас атып»;

Бейне бәддұға оқығандай

Күнәлі бір жігіт өлікке

Қолдарын теріс қаратып.

 

***

Жатты жерде міз бақпай

Үлкен, ауыр қырлы тас,

Осында мың жыл аунатқан.

Үзіліп кетердей болды сонда

Жуан кендір арқан

Жыбу шужи мойнымен тартқан.

 

Қырманды бір айналғанша уақыт

Шерік ғасырға тең,

Шашына ақ кіргізіп.

Құлатып жыққандай еді бір шеңбер бойымен

Бір бүтін өмірді

Маңдайын жерге тигізіп.

 

Сүйікті осы адам

Шалғай қалаларға өзі барып,

Көріп қайтқан емес пе еді

Талай черетеждерді сыздырып алып?!

 

Қайда, сондағы сурет-схемалар,

Тағы бір тиырмен үлгісі

Төкпен жүргізілетін?

Лақтырып тасталған еді

Осы ізгі жобалар

Кітаптар үйіндісінің үстінде

Өртеп күйгізілетін.

 

Генератор оқуына өзі жіберген бір жігіт

Өшікті екен бұған

Неге сонша ашуы келіп ?

-ішкізбек болды деді ау, - деді-ау

Ұялмай, -

Техника захарын шарап орнына беріп.

Бар еді

Көмескі істелінген хат ниет құлы

Асқынған уытымен кек алу өштігінің;

Қосылып кетті оған

Тұздықталып

Ашты дәмі

Мәнсіп күндестігінің.

 

Жүгері собығы шашылған түпкірге

Тастаған еді

Тірідей сүйретіп,

Өлік қып апарып.

Жатқандай еді бір алып, өзін көлеңке

Арық бойында

Осы нақақ ғазез тәнді

Жұта алмай қақалып.

 

Жұлдыздар жамырап,

Бірдемде-ақ көбейіп;

Табиғат төңкергенде,

Қара тастай

сап-салқын жылтыр ішінен.

Әттең-ай,

Қайтарып әкелер ме еді

тап-таза тәніне

ып-ыстық тіршілік тынысын?!

 

Алтын зеріндей

«құс жолы» төсегіндегі салқын аспанның,

Кім екен жапқан

Аяулы сол тәнге

Әлемдік көрпесінің мың құлаш астарын?

 

Кімдер екен ол тықырлатқан,

Жер бетінің түнгі бояуында-

Барлық табиғат мүлгіген, ұйқыға батып.

Ұшып келді ме әлде

Тәңірдің елші құстары

жұп-жұқа қанатын жеңіл қимылдатып?

 

Баяғы он шаруа ...

Келген еді,

Ұрдалып кіргендей

Сол түннің қараңғы іргесінен.

Жол тапқандай

Ақырын жүріп,

Ежелгі достықтың алтын жүлгесінен.

 

Тұрды үңіліп сүйікті адамына

Өңкей бір мейірбан,

қоп-қоңыр денелерімен еңкейіп.

Алды көтеріп жерден

Өз Жыбу шужиларын.

Бір үлкен қайықтай

Шықты қосылып он құшақтан

Бір құшақ үлкейіп.

 

Жүзді қара жерде жығылып,

Барар екен енді олар

Қайсы жасыл жағаға жетіп?

Теңіз қарақшысы емес еді,

Тек қана құтқарушы

Өз сүйікті адамын ұрлап әкетіп.

 

Жіберер мүмкін поезға шығарып;

Жеткізе аларма әлде

Бейжіңге арызын айтып ?

Яки бір шалғай шеттегі диханның үйінде

Жатқызар мүмкін

Емдеп,

Жарасын сақайтып?!

 

***

 

Ойлаудан тоқтап,

Айырылса егер бір ғалым

Санды санға қосу еркінен.

Ұқсар ол бейне көбелекке

Кешкі жаңбырға түсіп,

Жаңа ғана айырылған

Күндізгі әсем көркінен.

 

Ақ қағаз қайда ?

Қалам, қарындашы тартып алынған.

Жұлдыздарға қарап ойлану – күнә,

Бұыштарды өлшеп,

Екі нүктені қосып сызуға тиым салынған.

 

Құрт-қоңыздардың ұқығындай

Жай ғана бір тіршілік,

Табиғаттың әділ заңымен

Бекітілген емес пе еді ежелден.

Қайда енді сол ұлы несібе,

Социалистік  алтын түн кигізіп,

Адамзат ақылының нұрымен безілген ?

 

Гүл қайда

Жамырай шашылған ?

Торғайлар қайда еркін шырылдайтын

Бұтақтарда отырып ?

Күй қайда

Шатыққа бөлейтін,

Отан даңқын мақтанышқа толтырып ?

 

Ғылым қайда ?

Тірілте алса еді оны табиғат,

Өзіне қайтарып

Бар шабыт-дарынын;

Арнар еді онда оған

Тәңірім,

Ең таза сезімдерін-

Күнәдін пәк бір жас сәби жанының!

Ай алтын сақинадай

Жаңа ғана сырылып,

Аспанның қараңғы бармағынан,

Шығып келе жатқан еді

Құм төбелер ар жағынан.

Боялып құбылған әшекей өрмегі

Әппақ, таза жіңішке жібімен

Тоқып жатқан еді,

Күміс арқаудай

ып-ыстық нәр болып

өлі тәнге жүгірген.

 

 

***

Отрырған еді он шаруа ...

Жан жарасының алғашқы білінуімен.

Есін жиғанда Жыбу шужиі

Айтқан еді оларға

Тән азабының қиналған дірілімен:

 

«Бір қарағай тамыр тартып,

Бір шыбық өскенше көкпен бой тіресіп;

Бір өгіз бұзаудан үлкейіп;

Оңай ма

Бір ғылымның жетілуі баладан өсіп ?!

 

Моторларға жан беріп,

Алып доңғалақтарды қозғаған

Ғылымның ұлы күшімен,

Кімдер еді

Осы жансыз дүлей табиғатқа

Тіршілік отының нұр сәулесін түсірген ?!

 

Емес бұл ерте заман надандығы,

Дін жолымен қуғындап,

Өлтіретін таспен атып!

Бір сенімді жою,

Бір ғалымды өлтіріу-

Шаққанмен тең

Бір заводты құлатып.

 

Ормандарды қорғау

Болса еді-ау әділетті,

Бір бұғының сындырмау бір тал мүйзін!

Кем болмас еді онан,

Сақтай алсаң егер

Бір ғалымның өмірін он жыл ұзын!»...

 

Айтып болғанша ол осыны

Бір рет тыныс алып, аяғын бітіріп.

Ішілмей қалды он шыны салқын шәй,

Дайын болды

Он шаруа

Есік алдында тік тұрып.

***

Бір тыныстап ыңырану-

Бір секунд тоқтап,

Қайтадан кірпігін қимылдатып;

Тұтас өмірге,

Бүтін бір тіршілікке тең еді

Арық бойында жетпіс градус көлбеу жатып.

 

Көзін ашқанда бір бөбек,

Жұлдызды аспан астында

Шыр етіп туылып;

Қауызынан аршылғандай еді бір жас періште,

жым-жырт түнде

ай сәулесімен жуынып.

 

Көзін ашты ғалым,

Бірінші кірпік ойлаумен қағылған,

Әлсіз еді ол, бірақ

Қара шырақтай

Қараңғы дүниенің ең түпкірінде жағылған.

 

Ойламады ол тамақты,

Жұлдыздар сәулесімен қандырғандай

Шөлін басып,

Есеңгіреп кетті мекен әлде,

Қинады ма

Тән жарасы удай ашып ?

 

Қуалай аларма енді ол

Тақ сандарды қармалап,

Алғашқы сезіммен үмітті көздердің!

Тұрған еді сонда

Бір қиырда,

«Таразы шоқ жұлдызы(1)»

Әрең көтеріп

Аспанның ауыр безбенін.

 

Жиып алынбады әлі бір қолы

Астында қалған

Басылып, қан ұйып.

Тынбай соғуда еді

Геометиялық бір үлкен жүрек,

Алыста

Зодиак (2)  шеңберіне әрең сиып.

 

Кетті сығысып «жеті қарақшы (3)»,

«үркер ауып,(4)»

Қайсы жамбасқа түсті екен ?!

Айлы кеште «алты арқар(1)» адасып,

Еңкейіп қайсы мұқиттан су ішті екен ?!

Бір жұлдызды бір жұлдызға қосу,

Мыңдаған жұлдыздарды бұрыштық өлшемге түсіріу;

Оңай емес еді ол енді оған

Шексіз кеңістікте сырғанау,

Әлем сырын бұрынғыдай түсініп.

 

Мұндада бір шеңбер- мұз қырман елестер,

Кім екен

Радиустар тізгінінен ұстап,

«шаңтас» сүйреткен ?

Мүмкін сол шығар:

«темір қазық» түбінде тік тұрып,

«ақ сары ат(3)», «көк сары ат»(3) –

Екі атын божыға үйреткен!

 

Тән ауыруы ма,

Әлде жан азабы ма ?

Қиналғанда ғалым

Қайтадан есебінен жаңылып,

Кетті жазылып бүгінге тізесі,

Бастырылған қолы

Жамбасы астынан суырылып алынып.

 

Әлем осы (1) жатқан бағыт қайсы ?

Ұқсап кетті өзі де бір түзу кесіндіге,

Ай астында арық денесі бозарып.

Тұрған шақ еді

Таң алдында күміс құйысқандай

«құс жолы» бозарып.

 

Алып кеткісі келді мекен әлде,

Шалғай бір кеңістікке

Жер шарын арқалап.

Темір қышқаштай сіресіп,

Жатты

Табыттай шалқалап.

 

Қайсы дүние бұл ?

Мүмкін

Жер мен көктің арасы ма ?

Апарып тастар ма еді, әттең,

Бір құдірет оны

Сонау алыс

«құс жолы» өзеннің жағасында!

 

Күз айы еді ғой кеше,

Есінен танып жығылғанда,

Құстар қайда

Кететін осы жел қайтып ?

Келуші едіғой

Қаздар ұшып осы жолмен,

Тырналар көктемде

Сап-сап болып,

Сағыныш айтып.

 

Кете алар дейсің

Кім қиып осы жасыл шарды?!

Жатыр екен ғалым кімге өкпелеп

Не бар дейсің оған

Сұп-суық кеңістікте көкпеңбек!

Жоқ деді оның қатын-баласы;

Бар мүлкі – байлығы:

Қағаздар мен кітаптар ғана.

Махаббат еді оның-

«ғашық жары»:

Әлі жазылып бітпей,

Шала қалған бір формула.

 

Ұқсайды ол бір діндәр сопыға;

«Күнә» ға батпады-ау тым құрыса

Өмірінде бір рет араққа тойып!

Кімдер екен оны бейістен қуалаған,

Бұл дүниедегі бар сенімін, қуанышын жойып?

 

Жатпаған шығар әлде ешкім,

Дәл осындай

Жетім бала секілді

Жер бетінде

 Адамзатқа  теріс қарап!

Ойлай алса егер ол,

Сөйлер еді

Осы бір сиқырлы тілде

Өзін әлде бір әулиеге балап!...

 

Мүмкін осы түн емес пе екен,

Мұхаммед мұқыражға(1) шығып қайтқан ?

Әлде бір сахаба түсінде аян беріп аллаға мінәжәт айтқан

 

Жүр екен қайсы планетада адам жанын іздеп,

Әзірейл (2) ұйықтамай ай жарығымен ?

Ли Бай ұшып түсті екен қайсы кеңістіктен(1)

Поэзияның көк пен көк, жеп-жеңіл салмағымен ?

 

Ақын болса егер суреттеп жазар еді,

Қалам жоқ

Яки бір тарыдай қорғасын!

Әлемнің(2) нүктесін тауып,

Ашар еді ғалым көк түндігін,

Өткізер еді сонан

Ғайсаның екі иығын шауып(3)

 

Аспан иті(4) мекен әлде отырған

Құйрығын сұп-суық мұзға басып ?

Қайда кетті екен «тырналар шоқ жұлдызы»(5),

Жүрмекен әлде басқа бір галактикада(6) адасып ?

 

Әлем орбитасында шапқан

Сол жүйрік ой,

Мың парсак(7) нұралар қадамымен

Кезігіп жүргендей еді,

Қол ұстасып

Шалғай бір дүниенің ақ көңілімен адасып!

 

Зевс(1) оты тұр екен қайсы жұлдызда ?

Орнын тапқандай

Ең соңғы бір планетаның,

Болар еді есептеп табуға:

Қолына шырақ алып,

Отыр екен Прометей (2)

Ең үстінде қай жотаның

 

Ұшып келді ме

Өңкей бір алып қара құстар.

Қап-қара көлеңке болып ?!

Жұллып жеп жатқандай еді олар,

Әлде бір аңқау прометестің

Өкпе бауырын,

Қараңғы жартастарға қонып.

 

Жұлдыздар

Тамшы қандары емес пе екен оның,

Құс жолы қу сүйектей ағарып;

Адамзатқа арнап,

Орнынан тұрар екен

Сорлы прометес

Қайсы таңертең оңалып ?

 

***

 

Көрінген еді он шаруа

Дөң үстінен

Алтын тіреудей бейне

Тірелген аспанға.

Кім біледі ол

Көтере алар ма түн салмағын,

Осы бір

Ең соңғы таң қараңғылығы иығынан басқанда ?

Басталар ма әлде

Тағы бір айғай-шу

Екі жақ керісіп ?

Бейне бір доғаға түскендей

Екі ру

Атой берісіп.

 

Автомат яки мылтық емес,

Үш көздер атысқанда,

Идея, түсініктер таласымен;

Көріп едік қой талай

Дойыр күштерді

Кіжініп тұрғанда,

Тісін қайрап жан ашуымен!

 

Кім тоқтата алған онда,

Жұдырықтар түйліп,

Шыға келгенде

Сойыл-шоқпарлар мен жанасып ?

Болушы едіғой

Атақ,даңқ,мәнсап соныкі,

Ұрып қалса егер

Кім бұрын қолына тас алып!

 

 

***

Қолын созғанда он шаруа,

(қолын созғандай он періште аспан алқасынан.)

Болса еді егер ақыл-есі

Не деп ойлар еді ғалым

Жер бетінде жатқан шалқасынан ?

 

Осылар ма екен мүмкін,

Әлемді арқалаған,

Жұлдыздар қайғысы арқасына батып?

Көтере жөнелген еді олар ғалымды,

Көтере жөнелгендей бір алтын сандықты

Ұмыт болған,

Суық сарайда мың жыл жатып.

 

Қылаңдағанда ең алғаш

Ұлы шығыс іргеден,

Күміс кіреукедей таң рауаны білініп,

Құлап кете жаздады

Ең ақырғы бір жұлдыз

Бір тамшы жастай

Бір тал кірпікке тұрған әрең ілініп

 

Шөптер мен ағаштарға арқасы сүйеулі,

Қара адамдардай отырған көсіліп,

Өңшең үрей – қара көлеңкелер

Бұға түсті,

Осы байтақ өңірдегі

Сүттей таза,  аппақ сәуледен шошынып.

 

Формула, сызықтарға жан беріп,

Тұрлаусыз сандардың

Дерексіз логикасымен

Өлшеп шығу өзі бір романтика,

Нұрлар қадамын

Уақыт таразысының жалғыз тал тасымен.

Сызып сурет етуге болар ма,

Бір түн картинасын-

Осы ұлы кеңістіктің

«құс жолы» тұлғасындағы ?

Есептеп, өлең етіп,

Ұйқасқа сиғызу мүмкінбе

Сифрлар азабын бір ғалым басындағы ?

 

Ғылымның таудай салмағын

Көтеріп тұру оңай ма,

Ақылдың қылдай жібімен ?!

Бағалап жеткізер

Осы ізгі істерді

Комунистік идея

Ақыр бір күн өз ұлылығымен !!!

 

1978-жыл 

Құс жолы

 

Басталғанда шығыстан

Бір дүбір,

Әлемнің жарып шеңбері-

Шексіз кеңістікте идеялар шайқасып.

Орман теңселіп,шШайқалып кетті таулар,

Өзендер арнасынан тасып.

 

Таусылмас теңіздердің ұлы сыбыры,

Толқындар орнынан аунап түскенше.

Кім тоқтатар

Ынтығып өткен уақыттың алтын стрелкасын,

Ақиқат шарабын қанып ішкенше?!

Бұлжымас

Материяның тентек мінезі,

Оңай ма

Болжаусыз бір ойдың жетілмегі?!

Асау аттай

Бейне жаңа ғана үйретілген,

Адамзат қоғамы социялизм еркіндігі.

 

Кезіп жүрген еді

Жер мен көктің арасында

Құйтұрқы уасусы жын- перілер қастығының.

Арылтуға болама тез айықтырып,

Бұзылған қандардағы

Улы рахатын никотин мастығының?!

 

***

Асулы еді қабырғада

Жасыл қаритасы құс жолы жүйесінің,

Жұлдыздар бейне қозыдай көгенделген

Күміс көгеніне

Ұлы тәңір-аспан иесінің.

Түскиіз емес еді ол

Иәки бір кілем,

Жас жұбайлар тұсына ұстап,

Рахат сезімімен ұйқыға батқан

Әлде бір жігіт жар құшағында тыныстап.

жым-жырт түн,

қатты кіреуетте

бір қабат бойра үстінде- сонда жатып,

шаршап ұйықтаған еді ғалым

арық,

ұзын денесін сұлатып.

 

Көтеріп жүргендей

Түсінде оны біреу

Кеңістікке жеп-жеңіл церкул етіп,

Яки

Алып болат сызғыштай

Дөп-дөңгелек

Жасыл жазықтар үстінде көлбетіп.

 

Ойнағандай немесе лақтырып,

Күн орбитасында

Нютон оның екі аяғын көктен келтіріп

Бас салғалы тұрғандай еді.

«Темір қазық» түбінде

«Үлкен аю» оны талап өлтіріп.

Жұлдыздардан жұлдыздарға секіріп,

Бара жатқандай кейде

Түпсіз шыңырауға құлап.

Айналдырып жіберді ме кен әлде

Птоломей орнына келтіргенше

Осы сәтте

Күн жүйесінің құпия тұтқасын

Теріс бұрап

Бейшаралар планеталарды

Коперник орнына келтіргенше

Жерден емес, күннен айналдырып,

Өртеп өлтірген еді қанша ғалымдарды

Шіркеу жендеттері

Тірідей отқа жандырып?!

 

Шошып оянды ғалым,

Жұлдыздар соғылысып,

Ай өзінің алтын табағын сындырды ма ?

Періштелер аспан аясынан қашып шығып,

Күнәсіз сәбилер тозақ отында шыңғырды ма ?!

 

Кімдер екен ол даңғырлатқан,

Жұқа қаңылтырдай

Көк күмбезін қолымен иіп?

Келе жатқандай еді

Бір қара бұлт,

Күн күркіреп,

Найзағай өткір қамшысын үйіріп.

 

Орнынан тұрғанша ғалым

Киімін киіп,

Ескі дас, шелектерді ұрып,

Келген еді өңкей бір құбыжықтар

Аш қасқырдай,

Есіктен атылып кіріп.

 

Жұлып үзіп алды бір ұзын қол

«құс жолы» қаритасын,

Жұлып алғандай

Ғарыштың бір қабат терісін сыдырып.

Үлгерген еді олар

Аспанның осы жұқа жасыл терісін

Ғалымға қып қып кидіріп.

 

«Бітеу үйде жатқан бір қылмысты,

Сифрлармен азғындаған,

Бұ дүниеден,

Өмірден, тұрмыстан безіп.

Қайтарып әкеліңдер оның ит жанын,

Таптық күрестен қашып,

Жұлдыздар арасында жүрген кезіп!

 

Масқаралаңдар,

Мойнына жіп тағып!

Еңкейтіңдер

Басын иіп, тағызым еткізіп!.. –»

Осы сөздер еді сонда олардың айтқаны,

Айғайлап тұрып,

Күрес жиынында сүйегінен өткізіп.

 

 

 

 

 

***

Жығылып жатты кітап сөрелері,

Лаборатория ыдыстары иесіз бұзылып.

Болса егер

Ғылымдардың көз жасы,

Түсер еді ол ұлы жуң го аспанынан,

Жұлдыздай үзіліп!

 

Дойыр күш дәуірлегенде,

Ерте замандардан қалған бір сойыл,

Қолдарына шашақты найза алып.

Ақыл-ой, білім аяқ асты етіліп,

Масайраған еді

Өңкей бұзық, содырлар жиналып.

 

Әлде бір жыртқыш аң,

Яки варварлар басып кірді ме ?

Күнәға батпаған бір жас қыз

Тар бұрышта тығылып;

Шошынды ма әлде бір киік,

Сүрінді ме бір тұлпар

Жолда жығылып?

 

Тіксінді ме бір рух,

Шошынды ма әлде

Бір қарлығаш ұясынан ұшып?

Шошынғандай бір сәби

Ай жарығында

Бесігіне

Әлде бір үрейлі көлеңке түсіп.

 

Сауықтырмай ма бір киік

Өз жарақатын тілімен жалап,

Сойылға жығылса бір ғалым

Тән жарасынан меңдеп,

Сақайтуға болар еді оны

Сан, таңба, теңеулер қуанышымен емдеп!

 

Қанша рет өліп,

Қанша рет тірілді екен сол адам,

Бір рет өліп,

Бір рет тірілгенде есін жиып.

Көрден тұрған бір әруақтай

Басын көтеріп,

Талшық ету қандай рахат өх кәсібін сүйіп.

***

Жым-жырт бөлме.

Ақын қиялы емес,

Сифрлар қиялының нәзік сезіміне малынып,

Отырған еді ғалым

Бұл дүниенің

Арзан әуес, мазасыз қайғысынан арылып.

 

Тік тұрғызылды сонда

Алып бір форумла

Ұзақ қазып,

Жер қабатынан жаңа ғана суырылып алынып.

Тік тұрғызылғандай

Алып ихтиозавр,

Әлде бір ұшқыш кесірткі әйнекке салынып.

Қылдай нәзік бір сызық үстінде отырып,

Дерексіз логикасымен адамзат ақылының

Абцтарксиялар сауырынан сипап,

Оңай ма,

Шексіз кеңістікке қуалау

Зәрда депферетциясын

Қиялдар жарқылының!

 

Ертегі өгізіндей

Икс мүйізінен ұстап,

Косинус доғаларының

Зәулім есігінен ендіргенше,

Әлемнің осы ойларын

Асау тағыдай жуасытып,

Өз ырқыңа көндіргенше.

 

Бейіс рахаты,

Яки бір сұлу жар,

Тәтті ұйқы емес,

Қанша клеткалар тозып,

Қанша нерв талшықтары үзіліп.

Азайып,

Таусылы,

Сарылу оңай ма ?

Күн батып,

Ай туып,

Жұлдыздар сөніп,

Таң ағарғанша шеті сүзіліп!

 

Бұзылмаса еді- ау,

Таңғы түстей,

Бір адам басында тирмен тасындай айналған,

Теңдеулер системасындағы

Сол үлкен фигура

Тәңірдің алтын таразысының

Жалғыз тал қылына байланған!

 

Бозторғай шырылдап,

Қыран құс ұшпай көкте қанатын қағып,

Намазға ұйығандай

Шығыстың бір мұсылманы!

Дірілдеп тұрған шағы еді

Табиғаттың тұп-тұнық несібесі

Планетаның тап-таза дөңгелек ыдысындағы...

Әлде бір жыртқыш аң,

Яки  варварлар басып кірді ме ?

Ақ қағаз үстінде аяғы сынғандай

Әлжабр тұяғы кетіліп!

Эпикур

Пифагор

Есінен танғандай,

Евклид постулаты тамызық етіліп.

 

Жатты бұрышта Гуго теоремасы жыртылып,

Джордано Бруно от ішінен түрегелгендей.

Ли Сыгуаң түскен пароход.

 

Толқындарда дөңбекшіп,

Галилей ақиқат үшін өлгендей.

Теңселтіп жіберген еді қанша бастырды ?

Тропика тоғайындай

«философия» торғайы-  шытырман ішінен.

Шығып келген еді не бір сұрқия

Аш қасқырдай,

Қу түлкідей сұмырай пішінмен.

 

Жүреді өңкей алаяқтар

Қара көлеңкедей,

Жындай кезіп,

Отанның оңтүстігі мен солтүстігінде.

Ар-намыстан,

Ожданнан,

Ұяттан безіп.

 

Кешірмес жуыңхуа ұлты,

Қағаз өртеп,

Арша тұтатып,

жын-шайтандарды тозақ отына қуып;

кигізер әлі-ақ социализмнің ақ көйлегін

қасиетті отанға қайтадан жуып!

 

Не көрмеді жуңхуа перзенттері:

Ылғи боздақ,

Ер арыстары;

Қарт комунист

Ұзақ жорықтардан өткен,

Талай білгір,

Өнерпаз,

Данышпаны!

 

Алып кетті ғылымды,

Күз айының бір күні еді...

Қалды ыдыста қайнақ суы ішілмей;

Ақ қағаз үстінде арманы.

Ескі примос,

Қалды үстелде

Желінбей кепкен қара наны.

 

Қош бол,

Аспан тұлпарының игірік құйрығы,

Аққан жұлдыздай

Әлем кеңісінде бір жарқ етіп жоғалған!

Қош бол,

Теңдеулердің икс басы

Таутеке мүйізіндей

Сай ішінде

Көгеріп шалғында қалған.

 

Қайда, мейірбан уианжаңы,

Сәбилік замандарың бір еліндегі;

Ру ақсақалындай-

Құрметті басилеустей

Отыратын ғылым төріндегі!

 

Қайда, қасиетті академия,

Кафедралар қаңырап бос қалған,

Қанша ғалымға

Есік алдында

Ол-пұлын арқалатып;

Қор болды-ау сонда

Мың жылдар мәдениеті

Сілкіп лақтырғандай,

Отан даңқын

Орта ғасыр надандығына қайтадан бір шалқалатып!

 

Адам ата бейістен қуылғанда,

Адамзат нәпсісінің алғашқы күнәсімен.

Кім екен

Келген

Осы байтақ топыраққа?

Алған еді нендей асыл зат

Жер тәңірі үлесінен?!

 

Жукоудияннан шыққан бір ер, бір әйел
үйренгенде сан санауды,

Сары өзен бойында жер өлшеп,

Үй салып, арық қазып;

Қағаз жасап,

Қолына қыл қалам ұстап,

Кеткен еді талай сарбаз,

Ер-данышпандар

Математика заңдарын кітапқа жазып!

 

Жасанды жұлдыздар шығыс аспанын айналып,

Мыңдаған жылдар өтіп кеткенде,

Жалғыз тау сынығымен нұрлар жарқашының

Мәңгілік тылымматтарды қолға үйреткенде.

 

Низам таразысының мыс табағы сынып,

Электрон аспаптары есебінен жаңылды ма ?

Ақыл-ой өрмегінің арқауы үзіліп,

Микро сызықтары иесіз қалды ма ?

 

***

Құм төбелердің ар жағындағы

Ескі арба жолымен тозаңы көшкен,

Алып келді ғалымды

Ең шалғай бір қыстаққа,

Ақ тікен, жантақ өскен,

Адамзат қоғамы төк ағысы емес,

Магниттер өрісіндегі;

Яки бір дауыстар толқыны

Атмосфера кеңісіндегі.

 

Ұқсамас социялизм

Ұғымдар жазығындағы

Мінсіз шеңберлерге;

Қолына қалам алып,

Өлшеп шыққан

Радиустар бойымен

Церкул бұлттарының ашасына салып.

 

Жатар таулар

Мәңгі із түспеген,

Ақ қар, көк мұз болып иректеліп.

Ағар дариялар

Күміс айдағардай

Жуастқанынша сен оны сүйреп келіп.

Аралап көрсең едің, қамысты түкпірлерді

Жабайы ормандар басқан!
 

Оңай ма

Қоғамдық түс беріп өңіне келтіру

Татыр далаларды

Жел қақтап,

Құнары қашқан ?!

 

Алып келді ғалымды

Дәл сондай бір қыстаққа,

Құм төбелермен қоршалып,

Ұмыт болған

Отанның шалғай бір түпкірінде қалып.

 

Вагондар доңғалығынан туылған ізгі арман

Көктемгі қаздай тізіліп,

Қалған еді

Сол жылдары бір қиырда,

Реалистер табанында жіктей үзіліп.

 

Электр сымдары әлі келіп жетпеген,

Білте шам дәуірінде тұрып қалғандай жалғасы;

Өгіз арба ғасырында ұзақ жыл ұйықтап,

Маторлар елесімен түс көріп оянғандай.

Аласа балшық үйлер,

Ескі күресін,

Кептер ұшып, тауық өрген.

Көкшіл түндер аспан биігіндегі

Ұқса

Қатысты Мақалалар