Тәжікстан президенті ұлының жасында қаланың әкімі емес, кеңес шаруашылығының директоры болғанын айтып, өз тәжірибесінен 5 ақыл айтты.
Қаңтар айында Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон ұлын Душанбенің әкімі етіп тағайындады. 30 жасқа толмаған Рустам Эмомали ТМД елдерінің астанасына әкім болып тағайындалды. Бұл жайында informbburo.kz жаңалықтары хабарлайды.
Президенттің ұлына берген алғашқы ақылы «әрдайым талапшыл» бол дейді.
«Өзіңнің берген бұйрықтарыңның орындалуын жиі қадағала. Сен жассың, өте жассың. Мен сенің жасыңда кеңшар директоры болғанмын», - деді Эмомали Рахмон.
Одан кейін Тәжікістан басшысы ұлына тәуелсіз, әрі өз бетінше шешім қабылдай алатын азамат болу керек екендігін айтты.
«Сені ешкім қыспаққа ала алмайды. Саған ешкім бұйырып сөлеп, жұмыс тапсыра алмайды. Сол үшін де басқасын емес, сені тағайындадым», - деп сөзін жалғастырды.
Үшінші ақылы – халық үшін бағаны төменедету. Президент ұлы Рустам Эмомалиға халықты лайықты жұмыспен қамтамасыз етуге шақырды.
Ешқашан да өз жұмысшыларына дөрекілік танытпай, олармен әдепті, сыпайы болуын төртінші ақылы ретінде айтты.
Ең соңында, әкімге іскерлер үйінде түстенбеуін ескертті.
«Мейрамханаларға барма. Жұмысшылардың, қариялардың, жетім-жесірлердің үйлерінде түстен. Олар сені қуана қарсы алады. Қолындағы барымен дәм таттырады. Үйлеріне әкімнің келгені – қарапайым халық үшін үлкен мәртебе», - деп ақылын аяқтады Эмомали Рахмон.
Душанбеның бұрынғы әкімі Махмадсаид Убайдуллов 19 жылғы еңбегінен соң қызметтен босатылған еді.
Жаңа әкім Рустам Эмомали бұған дейін Қаржы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің басшысы қызметін атқарған. ТМД елдері бойынша ол ең жас генерал.
2016 жылы Тәжікстан президенті азаматтардың 30-35 жас аралығынан бастап президенттікке үміткер бола алатыны жайында заң қабылдаған. Сарапшылардың ойынша, Эмомали Рахмон өз ұлын ел басқаруға дайындамақшы. 2020 жылғы сайлауда Рустам Эмомалидың жасы 33-те болады.