bbc.com агенттігінің хабарлауынша, екі жақты бітімге қарамастан Донбаста соғыс қимылдарын тоқтату режимі мүлде енгізілмеген. Тек оқ жаудыру сиреп қалған. 18 ақпанда Украина шығысындағы жағдайды реттеу мәселесі бойынша келісімге қол қойылған. Бұл келісімді келесі күні Ресей, Украина, Франция мен Германия сыртқы істер министрлері қолдаған.
Бітім 20 қаңтардан бастап жүзеге асып, күшіне ену керек болатын. Келісімшарт бойынша екі жақ қару-жарақ құралдарын ел аумағынан шығару іске асырылуы қажет болған. Алайда, қару-жарақ әлі де шығарылмаған.
Донбастағы украина әскери штабының хабарлауынша, сағат кешкі 18:00-дегі жағдай бойынша украина армиясына сеператистер тарапынан 40-қа жуық оқ жаудырылған.
Дегенмен, украина жағы ресейлік содырлар ауыр, әрі қауіпті қару-жарақ құралдарын, атап айтқанда танк пен артиллерияны қолданыстан шығарған.
Дүйсенбі күні Донецк «халық республикасы»-ның командирлерінің бірі Эдуард Басурин украина әскерилері сағат 00:00-ден оқ жаудыруды тоқтату режимін бұзбаған. Алайда, оның айтуынша келісімшартқа қол қоймай тұрып, украин армиясы сепаратистерге ауыр қарру-жарақ қолдану арқылы оқ жаудырған.
Еске салсақ, қаңтардың соңында Украина шығысында жағдай ушығып, Авдеевка қаласының маңында соғыс қимылдары қайта өршіген. Соның нәтижесінде екі жақтың да әскерилері мен бейбіт тұрғындары зардап шекті. Украина президенті Петр Порошенконың айтуынша, Авдеевка гуманитарлық апат жағдайында қалды. Қала тұрғындары электр энергиясының, су мен газдың жоқтығына наразы болған.
Украина мен Ресей өз кезегінде бір-бірін қақтығыстардың шиеленісіп кеткені үшін айыптады. Порошенко Ресейді білдей бір қаланы тұтқынға алған агрессор деп айып тақса, Ресей президенті Владимир Путин жауап ретінде жағдайды ушықтырған АҚШ-тан ақша алуды мақсат тұтқан Украинаның өзі деп ақталды.
аударған Назерке Мұса