Нью-Йоркта бірден 7 жас жеткіншек селфи жасамақшы болып, мұз астына құлаған деп жазады Lenta.ru.
Бұл оқиға 20-ақпанда Орталық саябақта орын алған. "Балалар ойнап жүрген, біреулер мұз үстіне тұрған қауіпті десе, кейбіреулері керісінше мұз үстіне тұруға асықты. Нәтижесінде бәрі бір ауыздан селфиге түспекші болды. Дәл сол сәтте мұз тесіліп, балалар бірден суға түсіп кетті"-дейді оқиғаны көрген 15 жасар қыз Майя Рамирес.
Мұндай жағдайға тап болған жеткіншектердің жасы 10-15 аралығында болып шықты. Оқиға соңында, батып бара жатқан балаларды көріп көмекке келген жастардың өзін де құтқару керек болған.
аударған Назерке Мұса