Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев жұбайы Мехрибан Әлиевті республиканың бірінші вице-президенті етіп тағайындады, деп хабарлайды ria.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.
Әзірбайжан заңына сәйкес, егер елбасы өз қызметін толыққанды атқара алмаса, бірінші вице-президент елбасының толық құзіреттілігіне ие бола алады, яғни толықтай президент қызметін атқара алады.
«Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев жұбайы Мехрибан Әлиев Арифқызын вице-президент етіп тағайындау жайлы құжатқа қол қойды»,- деп жазады жергілікті баспасөз қызметі.
Әзірбайжан халқы 26 қыркүйек күні конституцияға өзгеріс енгізуге байланысты дауыс берген болатын. Негізгі заңға президент пен вице-президент қызметін атқаруды бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, сонымен қатар мемлекеттік басқару қызметі мен депуттарға тағайындылаушылардың жас мөлшеріне шектеуді алып тастау жайлы өзгеріс енгізбек болған. Жаңа заңға сәйкес, 35 жасқа толмаған азаматтар да мемлекеттік қызметке тұра алады.
25%-дан астам сайлаушылар қатысқандықтан Референдум қабылданып, Әзірбайжан конституциясына өзгеріс енгізуге сайлаушылардың 85%-ы қолдау көрсеткен.
Аударған: Назерке Лабихан