Америкалық әйел мүгедек баласын ағза мүшелерін құрбан ету мақсатында дүниеге әкелмек

/uploads/thumbnail/20170709213608029_small.jpg

АҚШ-тағы Оклахома штатының тұрғыны Кери Янг жатырындағы сәбиінің дүние есігін мүгедек болып ашатынын естіген соң, бәрібір босануға бел буады. Оның өзіндік себебі де бар екен – көмекке мұқтаж науқас сәбилер үшін өз сәбиінің ағзаларын құрбан етпек. Бұл жайында сәбидің болашақ әкесі Ройс Янг өзінің Facebook парақшасына жариялаған.

Сәбидің ми бөліктерінің дамымай қалғанын ерлі-зайыптылар жүктіліктің 20-аптасында білген екен. Яғни, сәби дүниеге келгенімен, бойында өмір сүрудің белгілері болмайды.  Сол сәтте, әйел баланы дүниеге әкеліп, ағзаларын басқа науқас балалар үшін ауруханаға тапсырамын деп шешім қабылдайды.

«Мен қызымның сұлу болғанын қалар едім. Қызымынң тәй-тәй басқанын көргім келеді. Оны қолыма алып, серуендегім келеді. Бар қиындықты өзгертіп, тек жақсылыққа сенгім келеді. Алайда, бұл мүмкін емес. Бұл – біздің шындығымыз», - деп жазды Ройс Янг парақшасында.

Әлі туылмаған сәбиге ата-анасы Ева деген ат қойды. Олар қазір жас сәбидің ағза мүшелерін қажет ететін науқас балаларды іздестіру үстінде. Әйелдің толғағы 7 мамырға жоспарланған екен.

Аударған: Гүлім ЖАҚАН

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар