Есімов ЭКСПО қатысушыларына Астананың қысын айтып мақтанды

/uploads/thumbnail/20170709213710062_small.jpg

«Астана ЭКСПО -2017» АҚ-ның Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов көрме қатысушыларымен үшінші мәрте жиын өткізді, деп хабарлайды informburo.kz жаңалықтары.

Жиында Ахметжан Есімов қонақтарға Астананың қысы жайында айтып берді:

«Астана сіздерді өзінің керемет, қарлы қысымен қарсы алады. Бізге қыдырып келген бір қонақ айтпақшы, бұндай мезгілде таза ауамен бір тыныстап қаласың және қосымша күш жинайсың. Өздеріңіз де байқаған боларсыздар».

Жиналысқа әлемнің 100 мемлекетінен 300 адам қатысты. Есімовтың айтуы бойынша, павильондарды әр елге тарату басталып кетті. Сонымен қатар, көрмеге қатысушыларға да павильонды дайындау жұмыстарына кірісе беруіне кеңес берді.

«Көп елдер құрылыс және монтаж жұмыстарын бастап кетті. Көрмеге дейін 108 күн қалғандықтан, дайындықты тездеткеніміз жөн. Барлық қызмет көрсету орындары сіздерге ыңғайланып салынған», - деп түсіндірді Есімов.

Бұл жолы көрме алдындағы қорытынды отырыс болды. Отырыста Астанада өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесінің сәтті өтіп шығуы жайында мәселелер соңғы рет талқыланды.  

Қатысты Мақалалар