Үндістан тұрғынының жасы бүгінде 180-де. Үнді билігі мен қарияның жеке куәлігі жасының 180-ге келгенін дәлелдеп отыр. Ал дәрігерлер оны растай алмаған секілді. Себебі, қарияның соңғы жеке дәрігері 1971 жылы өмірден өткен екен.
Етікші болып қызмет атқарған Бангалорлық қария 1835 жылдың 6 қаңтарында дүниеге келген. Ал, 1903 жылы Варанси қаласына көшіп, сол жерде 122 жасқа дейін етікші болып қызмет атқарған. Яғни, зейнетке 122 жасында бірақ шыққан.
«Менің талай шөберем қартайып, өмірден өткен. Менің ойымда 180 тұрмақ, 150 жыл өмір сүру болмаған. Ажал мен жайында мүлдем ұмытқан секілді. Алайда, ұзақ ғұмыр кешкенім – мен үшін үлкен бақыт», - деп пікірін білдірді қария