Белгілі исламтанушы Қайрат Жолдыбайұлы Facebook-тегі парақшасында ұлттық пантеонға қатысты пікірін білдірді. Дінтанушы пантеонға ислам және христиан дінінің өкілдерін қатар жерленіп жатқанына наразылығын білдірді. Бүгінде аталған мәселеге қатысты әлеуметтік желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінді.
Жалпы ұлттық пантеонды құрудың мақсаты – мемлекетке, ғылымға, мәдениетке ерекше үлес қосқан тұлғалардың есімін мәңгілік есте қалдыру.
Дін мамандары мен ақылдаса отыры Дін істері комитеті мәйіттерді дініне байланысты бөліп жерлеу мәселесі қарастырылған. Онда мұсылмандар мен христиандар бөлмесінің арасын адам жүретіндей тас жолмен бөліп, ағаштар отырғызу жоспарланған. Пантеонға бөлінген жердің үлкендігіне байланысты, жоспарға сай жерлерді бөлу мен олардың арасына қоршау қою жұмыстары әлі толық бітпеді.
Қазіргі таңда аталған мәселе бойынша нақты жұмыстар жүргізілуде. Сондықтан халық арасында жансақ пікір мен теріс көзқарас қалыптастырудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Тана Байұлы, Теолог