Амангелді ауданында түсініксіз мал өлімі дендеп барады

/uploads/thumbnail/20170709214611230_small.jpg

Бұл туралы әлеуметтік желіде Жанболат Кенжеғұл дабыл қақты.

«Мына бейнежазбаны Қоғалыкөл ауылындағы "Есентаев Сүндет" шаруа қожалығының иесі Рамазан есімді жігіт жолдап отыр. Оның айтуынша, 24 күннің ішінде 23 бие құлын тастаған. Бұл қатарды Иманов, Чкалов елді-мекендері толықтыра түсуде. Ал бүгін аудан орталығында" екі бірдей көршілес үйдің үш-үштен алты биесі құлын тастағаны туралы xабарлады. Сонымен қатар бұған дейін Қарасу ауылында белгісіз себеппен өлген бұзаулар тіркелген.

Шаруалар мал дәрігерлері мен жауапты сала өкілдерінің назар аударуын сұрайды», - деп жазды мал өліміне алаңдаған азамат.

Еске салатын болсақ, 2 жыл бұрын қазақ даласында 200 мыңға жуық киік қырылып қалған еді.  Ол уақытта қырылған киік алдымен осы Қостанай облысы Амангелді ауданында мамырдың 10-ы күні табыла бастаған болатын.

Қатысты Мақалалар