Ғаламторда Ақтөбеде 2016 жылы 5-ші маусымда теракті жасағандардың сұхбаты жарияланды. Онда өмір бойы бас бостандығынан айырылған Ақпанбетов Әлібек, Қуанышбаев Бақыт, Рахметов Асхат және Таңатаров Арсен есімді жазасын өтеушілер істеген ісіне өкінетіндіктерін айтып, кешірім сұрады. Жастарды ата-ананы тыңдап, үлкен қателкітер жасамауға шақырды. Қазір ата-аналарының жанынан табылып, қол ұшын бере алмайтынына налитынын да жеткізді.
, ,