Бүгін «Қазақстан» ұлттық арнасынан Конституциялық реформаларды талқылауға арналған арнайы бағдарлама көрсетіледі. Оған оппозиция өкілі Әміржан Қосанов та қатысады. Сондай-ақ, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитеттің төрағасы Мәулен Әшімбаев, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбековтер дискуссия жүргізеді.

Айта кетсек, Көптен бері алғаш рет мемлекеттік телеарна эфирінен ресми билік өкілі мен оппозиция өкілі қатысуымен хабар көрсетілгелі отыр. Хабарды Ұлттық арнаның кешкі жаңалықтары «KAZNEWS»-тен кейін 20:30-да көре аласыздар.