Адамзат тарихындағы ең ірі жантүршігерлік апаттар

/uploads/thumbnail/20170709214656953_small.jpeg

qamshy.kz назарларыңызға әлемдегі ең ірі апаттарды ұсынады.

1944 жылдың сәуір айында Бомбейде қорқынышты апат орын алған. Қауіпсіздік техникасы сақталмай жүк тиелгендіктен кеме жарылған. Өрт басқа кемелерге ауысып, нәтижесінде барлығы өртеніп кетті. Бір шақырым жерге дейін жерді өрт жалмаған. Қалада да өрт басталды. Оны сөндіруге екі апта уақыт кеткен екен. Нәтижесінде 1 мыңнан астам адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 37 мыңнан астам адам көз жұмды. Портты қалпына келтіру үшін 7 ай уақыт кеткен.

1917 жылдың желтоқсан айында Галифакс қаласында «Монблан» әскери кемесі «Имо» кемесімен соқтығысып қалды. Қатты жарылыс болғаны соншалық қаланың жартысын қиратып тастаған. Себебі «Монблан»-ның ішінде толған жарылғыш заттар болған. Екі мың адам қайтыс болды. Тоғыз мыңы жарақат алды.

1987 жылдың желтоқсан айында филиппиндік «Донья Пас» жолаушылар паромы «Вектор» танкерімен соқтығысты. Төрт мыңнан астам көз жұмды.

1945 жылдың мамыр айында Балтық теңізінде 8 мың адамның өмірін жалмаған апат болды. «Тильбек» мен «Кап Аркона» кемелері британдық әуе күштерінің тарапынан оққа ұшты.

2010 жылы Мексика шығанағында биосфера үшін ірі апат болды. Мұнай платфомасы жарылып, судың түбіне кетті. Салдарынан мұхитқа мұнай өнімдері таралды. Мексика шығанағында 75 мың шаршы шақырымды мұнай жайлады.

1984 жылы Үндістанның Бхапол қаласындағы зауытта химикат таралып, 18 мың адам көз жұмды. Әлі күнге дейін бұл ірі апаттың қалай болғанын анықтай алмай келеді.

1666 жылы Лондонда болған ірі өртті айтпауға болмас. Өрт 70 мың үйдің күл-талқанын шығарып, 80 мың адам көз жұмды. Өрт төрт күнге созылған.  

 

Қатысты Мақалалар