Нью-Йорк мэрі: «Мен де мұсылманмын»

/uploads/thumbnail/20170709214753941_small.jpg

Нью-Йорк мэрі Билл де Блазио «Мен де мұсылманмын» плакаттарымен Таймс алаңына наразылық акциясына шыққандарға өз қолдауын білдірді. Бұл жайында ақпарат ақпарат Islam-Today сайтында жарияланды.


"Әлемде 1,6 млрд мұсылман өмір сүріп жатыр. Олар әлемді сүйетін, отбасын қорғайтын, қоғамда осы дүние тіршілігінде жақсылық жасауға тырысатын адамдар. Біз стереотиптер туралы ұмытуға тиіспіз" - дейді Билл де Блазио.


Естеріңізге сала кетсек, Нью-Йоркте мыңдаған адам қатысқан мұсылмандарға қолдау көрсету науқаны өткен. Таймс-сквер алаңына жиналғандар АҚШ президенті Дональда Трампқа қарсылықтарын осылай білдірген еді.

Қатысты Мақалалар