Құқық бұзушыға әуеде ұшуға 5 жыл мерзімде тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Zakon.kz –ке сілтеме жасап qamshy.kz хабарлайды.
Құлаққапты шешу қажеттілігін орындамаған жолаушының кесірінен ұшақ Қостанайда қонуға мәжбүр болды.
Жолаушының құлаққапты шешуді бас тартуы ұшақтың жерге қонуына негізгі себеп болған. Бұл ақпараттың орын алғандығын оқиға орнында болған куәгерлер растады.
Оқиға 24 ақпанда орын алған. Қостанай –Алматы рейсі бортында болған куәгер:
-Ұшақ әуеге көтеріле бергенде жолаушылардың бірі құлаққапты шешуден бас тартты. Оның бұл іс-әрекеті – қауіпсіздік ережесін бұзу еді. Ұшақ командирі ереже бұзушыны ұшақтан түсіру үшін бортты қайта бұратындығын мәлімдеді-дейді.
Құқық бұзушыға ендігіден бастап 5 жыл көлемінде әуеде ұшуға тыйым салынуы мүмкін.