Мешіттің қасында есірткі қолданған екі әйел жұрттың ашуына тиді

/uploads/thumbnail/20170709214931992_small.png

Әлеуметтік желілерде елді шулатқан екі әйелдің видеосы кеңінен таралды. Видеоның авторы екеуінің есірткі қолданып тұрғандығын жазған.

Аталмыш оқиға Алматы қаласындағы Розыбакиев көшесіндегі мешіттің жанында болған. Кадрда екі әйел, олардың іс-әрекетіне қарап, есірткі қолданып тұрғанын байқауға болады.

Сол жердегі тұрғындар екі әйелді пәтерлерінің терезесінен түсіріп алған болуы мүмкін. Видеоны түсірген адамның айтуынша, олар оғаш қылық көрсетулерін бірнеше уақыт бойы тоқтатпаған.

Әлеуметтік желі көрермендері екі әйелдің бұл қылығына қатысты түрліше пікірлер білдіріп, талқыға салды. Дегенмен, видеоны көргендердің барлығы екеуінің есірткі пайдаланғандарына сенімді.

Қатысты Мақалалар