Ресейде ондаған мың адам өлтірілген Немцовті еске алды(Видео)

/uploads/thumbnail/20170709215100413_small.jpg

2015 жылы 27 ақпанда қастандықпен өлтірілген Ресей оппозиционері, саясаткер Бори Немцовті бүгін Ресей халқы еске алды деп жазды BBC-дің орыс қызметі.

Еске алу шарасына қатысқандар саны 30 мың деп хабарланды. Мәскеудің өзінде жергілікті полицияның мәлімдеуінше 5 мыңнан астам адам қатысса, ұйымдастырушылар 15 мыңнан көп адам жиналды деген.

Еске алу маршында Кремльді қатты сынаған плакаттар мен баннерлер болған. Еске алуда Еске алу акциясын ұйымдастырушылар арасында "Солидарность", "Парнас", Партия прогресса, "Яблоко", "Открытая Россия", "Партия 5 декабря", Либертарианская партия, "Выбор России", "За права человека", "Московская Хельсинкская группа" сынды ресейлік саяси партиялар мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері бар.

Еске алу Мәскеу, Санкт-Петербург, Новосибирск, Қазан және Ресейдің өзге де қалаларында өткен.

1990 жылдардың басында Ресей үкіметінде жоғары лауазымды қызметтер атқарған Борис Немцов 2000-жылдардан бастап оппозиция қатарына қосылған. 2015 жылы ақпанның 27-і күні кешкісін Борис Немцовты Мәскеудің орталығында атып өлтірген. Ресей оппозициясының жетекшісі 55 жастағы Борис Немцов Кремльден небары 200 метрдей осы жерде қастандықпен атып өлтірілген. Саясаткердің қазасына күдікті бес адам тұтқындалып, айып тағылған. Тергеу болжамы бойынша қылмысты ұйымдастырушы ретінде күдікке іліккен Шешенстандағы «Север» батальонының бұрынғы офицері Руслан Мухудиновке халықаралық іздеу жарияланған.

Айта кетсек, Немцов 2014 жылғы Ресей мен Украина арасындағы саяси дағдарыста Кремлді айыптап, сыни мәлімделер жариялап келген болатын. 

Қатысты Мақалалар