Туристер 2018 жылдан бастап Айға сапар шегетін болады

/uploads/thumbnail/20170709215718772_small.jpg

Америкалық SpaceX компаниясы 2018 жылдан бастап Айға сапар шегу туралы жоспарды жүзеге асыруда, деп хабарлайды rbc.ru. Тәжірибе ретінде 2018 жылдың алғашқы айында екі ғарыштық турист саяхатқа аттанады. Компания мүшелерінің айтуынша, саяхатқа аттануға өтініш айтып, қаражат құйып жатқан адамдар қазірдің өзінде жетерлік.

«Біз келесі жылы екі саяхатшыны Айға аттандыратынымзға қуанып отырмыз. Олар ғарыщқа саяхат жасап, өз армандарына қол жеткізеді», - деп жазылған компанияның сайтында.

Туристердің есімі әзірге жарияланбайды. Олар саяхатқа қажетті қаражаттың жартысын төлеп қойған. 2017 жылдан бастап, медициналық тексерістер мен арнайы жаттығулар жүргізілетін болады.

Туристік миссияны Falcon Heavy ракетасының көмегімен Dragon2 кемесі бастайтын болады.

Қатысты Мақалалар