АҚШ президенті Дональд Трамптың жөнсіз жарлығы кесірінен атақты «Оскар» сыйлығына ие болған кинооператор Халед Хатиб Лос-Анджелесте өткен марапаттау рәсіміне қатыса алмай қалды деп жазады Muslim.kz.
21 жастағы оператор америкалық виза алғанымен, соңғы минуттарда елге кіруіне қарсылық көрсетілген. АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігі қызметкерлерінің айтуынша, қарсылық көрсетілуінің себебі – сириялық азамат жайлы «жағымсыз ақпараттардың бар болуы» көрінеді.
Айта кетейік, Хатиб түсіруге қатысқан «Ақ каскалар» фильмінде Сириядағы соғыстан зардап шеккен халықты құтқару жұмыстарымен айналысқан еріктілер туралы баяндалады.