Теміртаудың 2-ықшам ауданында белгісіз ер адам бала зорлады деп хабарлайды Қамшы порталы Today.kz-ке сілтеме жасай отыра.
Теміртау ІІБ полиция бөліміне түскен мәліметке сүйенсек, Теміртаудың екінші шағын ауданындағы №120 мектептің маңында кәмелеттік жасқа толмаған қызға белгісіз ер адам шабуылдағаны белгілі болып отыр.
«Қылмыс жасаған ер адамның ұлты анықталған жоқ, арықша келген, бойы 170-175 см. Ол- қара түсті тоқылған бас киім, қара күртешеде, қара кеудеше, қара спорттық шалбарда, қара кроссовкада болған», – деп хабарлайды ІІБ-ден.
Теміртауда қыркүйек айында да педофил ұсталған болатын. Тергеу мәліметі бойынша екінші сыныпта оқитын қыз сексуалды зорлыққа ұшыраған. Арада бірер күн өткен соң күдікті ұсталған. Ол 38 жасар осыған дейін сотталған Теміртау тұрғыны болып шыққан.
3б 12