Франция президенті сөйлеп тұрған кезде оқ атылды

/uploads/thumbnail/20170709220204342_small.jpg

Франция президенті Франсуа Олланд сөйлеп тұрған кезде француз полицейлері абайсызда оқ атып, екі адам жараланды, деп хабарлайды BBC жаңалықтар қызметі.

Оқыс оқиға Францияның батысындағы Вильоньон қаласында Олланд жаңа жылдам пойыздардың шығарылуына байланысты іс-шарада орын алған.

Оқ атылған сәтте, сөзін бірден тоқтатып: “Қауіпті нәрсе емес шығар деп үміттенемін”, - деді президент.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша полицей қаруды сақтандырғыш режиміне қоюды ұмытып кеткен. Аяқтарынан жарақат алған екі адамның өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ. Олар ауруханаға жеткізілген. Полиция оқиғаға байланысты қызметтік тексеруді бастап кетті.

Қатысты Мақалалар