Финляндияда бір жынысты неке заңдастырылды

/uploads/thumbnail/20170709220718116_small.jpg

Финляндияда 1 наурыз күні «Тең құқықты неке» туралы заң қабылданып, жүзеге асырылды деп хабарлайды «Қамшы порталы»   caravan.kz-ке сілтеме жасай отыра.

Бұл заң бойынша неке екі тұлғаның біріккен одағы ретінде қарастырылады. Бұрындары әйел мен еркек арасындағы одақ болған болса, қазіргі уақытта осы тіркес жоғарыдағымен алмастырылған.

Финляндия парламенті бұл заңды 2014 жылдың қазан айында қабылдаған, оған 200 депутаттың 150-і дауыс берген. 95 депутат қана қарсы болған.  Финляндия президенті Саули Ниинисте (Sauli Niinisto) бұл құжатқа қол қойған.

Құжат заңдастырылып, жүзеге асырылуға рұқсат етілген күні, яғни 1 наурызда, бір жынысты некеге он шақты жұп арыз жазған. Евангелия-лютерандік фин  шіркеуі бір жынысты некеге қарсылық білдіріп, некелестірмейтіндіктерін жеткізді. Алайда,  оған қарамастан, мұндай бір жынысты некені жүргізуге қарсы болмаған жеке дін қызметшілері де табылды.

Қазіргі таңда бір жынысты некені әлемнің 20 елінде тіркеуге рұқсат етілген.

Қатысты Мақалалар