Қызын 12 жыл бойы сандықта ұстаған ана қыз өмірін қор етті

/uploads/thumbnail/20170709220815555_small.jpeg

Ресейдің Киров облысындағы Александровск ауылының тұрғыны өзінің туған қызын 12  жыл бойы сандықтың ішінде тығып ұстаған деп хабарлайды qamshy.kz today.kz-ке сілтеме беріп.

Осы уақыт аралығында Мария Михалицина тек қана нанның қоқымдарымен ғана тамақтанған.

Әйел өзінің қызын 6 жасында сандыққа тыққан. Жылдар бойы сандық ішінде болған Марияны ол  18 жасқа толғанда ғана 1989 жылы босатқан. Ол уақытта қыздың бойы 60 сантиметр, аяқтары өте қысқа болып қалған. Табылған қызды сол кезде «Родник» аталатын  балалар үйіне жіберген. Балалар үйінің директоры Инесса Захаревич қыздың сол уақытта  сөйлей де, жүре де алмағандығын жеткізген. 20 жасында Мария өз эмоциясын шапалақ арқылы жеткізген екен.

Сандық ішінен табылған қызды интернаттағылар «сандық қызы» деп атап кеткен, психоневрологиялық интернатқа 27 жасында түскен ол, әлі күнге дейін сонда өмір сүреді.

Қатысты Мақалалар