Тәрбиешілер балабақшаны жезөкшелер ордасына айналдырып, бүлдіршіндерді пышақпен қорқытқан

/uploads/thumbnail/20170709220832928_small.jpg

Әлеуметтік желілерде Өзбекстандағы Сурхандарьи облысының балабақшаларының бірінде жасырын камера арқылы түсірілген видео кеңінен таралып жатыр. Видеода күндіз бүлдіршіндерді тәрбиешілер  пышақпен қорқытып, мазақ еткен болса, түнгі уақытта ол жерді жезөкшелер ордасына айналдырған, деп хабарлайды "Ферғана", мәліметтің қазақша нұсқасын "Қамшы" порталы оқырман назарына ұсынады.

Тәрбиеші оң қолына пышақ ұстап алып, сол қолымен баланың шалбарын шешпек болған.

Аталмыш оқиғаны құқық қорғау органдары жасырын камера орнату арқылы білген.  Жазбалар 2016 жылдың қараша айында Сурхандарьи облысы, №2 және №23 Термезск ауданы мен №1 Денау ауданында түсірілген. Тәрбиешілер үрейленіп қалған балалардың бетіне пышақ тақап, айқайлап қорқытқан, ал түнде дәл сол жерде көңілдестерімен интимдік қатынасқа түскен. Аталмыш балабақшаның қызметкерлері алкогольді ішімдіктер пайдаланып, интимдік қатынасқа түскісі келгендерді сол балабақшаға кездесуге шақырады екен. Түнгі қонақтарға интимдік қызмет көрсетуге балабақшаның басқа да тәрбиешілері атсалысқан. Балабақшаның меңгерушісі қоластындағы қызметкерлердің мұндай іспен айналысып жүргендігінен хабардар болған.

Қатысты Мақалалар