Адамдар есімдерін қалай есте сақтауға болады: тиімді 5 жол

/uploads/thumbnail/20170709220928176_small.jpg

Адамдардың әсіресе, жаңа таныстардың есімдерін есте сақтау қажетті қабілет екені белгілі. Бұл мәселе тікелей адамның жадысына қатысты болса да, адам есімдерін, телефон нөмірлерді есте сақтағанда дес бермейтін, ал керісінше жалпы есте сақтау қабілеті нашар болатын адамдар болады.  Осы тақырыпта «Қамшы порталы» адам есімдерін есте сақтаудың тиімді тәсілдерін ұсынады.

Көптеген бизнес тренерлердің айтуынша, адамдар есімін жаттай алу компания жетекшілері мен жұмыс берушілер үшін жұмысшыларының сеніміне кірудің ең тиімді, эффективті тәсілі. Ал менеджерлер өз кезегінде потенциалды клиенттермен түсіністік орнату мақсатында есімдерді жаттап алу үлкен сұранысқа ие екенін жасырмайды.

Белгілі бір ортаға кіріп адамдардың аттарын жатқа атай алу қабілеті ол адамдар турасында сіздің пікіріңіз бен ойыңыздың маңызды екенін көрсетеді.

Адам есімдерін есте сақтау қабілеті егер сіз жұмыс беруші, жетекші болсаңыз жұмысшылардың жұмыс көрсеткішін жоғарылатады, сенімділік береді.

«Адам-бұл жад». Оның дамуына көп мән берілуі тиіс. Бүгінгі күні біз әртүрлі гаджет құралдарына жүгінеміз, алайда жадты жаттықтыру еш уақытта артық болмайды.

Memorize Academy компаниясының негізін қалаушы Кайл Бьюкенен «Жадтың, есте сақтау қабілетінің  нашары болмайды» дейді. Тек есте сақтаудың арнайы тәсілдеріне машықтану керек.

Жадты зерттейтін сарапшылардың айтуынша, жаңа танысқан адамның есімін ол өзін таныстырған уақытта бірден сақтап қалу керек, мұқият есте сақтау қажет. Кейде адамдар өздерінің ойлары мен проблемалары есебінен көп нәрсені есте сақтай бермейді.

Одан кейін жаңа ғана естіген есімді белгілі бір визуалды образбен байланыстыру (мәселен есімінің айтылуындағы ерекшелік немесе сырт келбетіндегі ерекшелікті ескеру).

Айталық, кездесуде сіз өзіңізге қызықты адамды кездестіріп қалдыңыз. Ол сізге өз -өзін таныстырады. Дәл сол уақытта  мұқият болуыңыз. Ол адам  есімін атағанда оны визуалды образбен байланыстырыңыз.

 Мәселен, сіз танысқан адамның аты Қарлығаш болса, оны құспен немесе тағы бір детальдармен байланыстырып образ жасауға болады.

          Ұмытылған есім үлкен проблемаға айналуы әбден мүмкін. Әсіресе, іскерлік өмірде. 

Есімді ұмытып қалу үлкен әдепсіздік, ожарлық. Қасыңыздағы адам оған құрметсіздік танытып тұр деп ойлап қалуы мүмкін.

Кез келген адам үшін оның есімі айрықша, уникалды. Сондықтан әр адам үшін өзінің есімін сыйламау, өзін сыйламаумен бірдей.

Есте сақтау қабілетін дамыту адамның бойындағы басқа да қабілеттердің дамуына жол ашатыны психологтармен дәлелденіп отыр.

Есте сақтау қабілеті жақсы жұмыс істейтін адамдардың елестету қаблеті мен фантазиясы, қиялы дамуы жағынан әлдеқайда алда болады. Сонымен қатар проблемаларды шешуге шығармашылық тұрғысынан келеді.

           Жады бұл есімдерді есте сақтау қабілеті ғана емес, қарым-қатынас, әңгімелесу үшін, шешім қабылдау үшін қажетті.

   Ғалымдардың пікірінше, адамның қай салада жұмыс істейтінін есте сақтау, сол адамның өзінің есімін есте сақтауға қарағанда әлдеқайда жеңіл. Мәселен, егер сіз Арман есімді мұғалімді кездестірсеңіз, сіз оның мұғалім екенін, сабақ беретінін тез есте сақтайсыз. Алайда ол мұғалімнің есімі Мақсат екенін ұмытып кетесіз. Себебі Мақсат есімді қаншама мұғалімдер бар болуы мүмкін. «Мақсат» деген есім мен мұғалімдік кәсіп бір бірімен байланыспайды.

Адамдардың есімін есте сақтауға тиімді бес тәсіл:

1. Мұқият тыңдау. Көбіне-көп, біз- адамдардың өз-өздерін таныстырып немесе өздері туралы айтып жатқан кезде,оларды тыңдаудың орнына өзіміздің не айтатынымызды ойланып тұрамыз.

2. Есімді қайталау. Жаңа танысыңыздың есімін естігенде оны бір-екі рет қайталауыңыз қажет. Ерсі көрінбес үшін, оның аты қалай жазылатынын сұрасаңыз болады немесе «Танысқаныма қуаныштымын, .....» деп есімін қосып айтсаңыз болады.

3. Есімге сәйкес келетін образ құрастырыңыз.

4. Құрастырған образды адамның сырт келбетімен байланыстыру

5. Тағы да бір рет осы ақпаратты ой елегінен өткізу

Аздаған уақыт өткен соң жаңа танысқан адамдардың есімдерін, олардың немен айналысатындары жөніндегі ақпаратты еске түсіру артық болмайды.

 

Назерке Мұса

Қатысты Мақалалар