Ұлттық арна үнді сериалынан бас тарта ма?

/uploads/thumbnail/20170709221237889_small.jpg

Ұлттық арна басшысы Ерлан Қарин өзінің фейсбук парақшасында "Ал, бүгін "Келіннің" соңғы көрсетілімі. Тек "Келін" ғана емес, жалпы үнді сериалының. Әзірше, солай шештік" деп мәлімдеме жасады. Ерлан мырзаның мәлімдемесіне қуанып, пікір қалдырған жұрт көп болды. Көзімізге түскен бірнеше пікірді "Қамшы" оқырман назарына ұсынуды жөн деп тапты.

"Соңғы екі жылдан бері келіннен ел жерінді, бірнеше рет тоқтатуды талап етті, жалынғанның кейпінде сұрады. Алғаш рет, жалғыз келін емес жалпы үнді филіміне тоқтау салған басшыны бірінші рет кездестіріп отырмыз. Жарайсың!"

"Жаксы болды ғой. Көп рахмет. Сериалдың басталып жатырған əуенінен делебе қозатын. Енді қазақ радиосынан жарнамалар мен татар, ұйғыр тіліндегі дүниелерден арылсақ"

"Əрине, рахмет. Бірақ осыны баяғыда жасауға болушы еді ғой. Неше жыл бойы халықты мəңгүрттендірмей. Ерлан мырза, алдағы уақытта да халықтың өтініш-тілегіне құлақ асып отырсаңыз. Сəттілік"

"Ерлан аға менің түсінбейтінім бар: Келінді алып тастау ол түсінікті, ал түрік киносын сонын орнына қою ол қалай болғаны? Екеуіде шет ел кинолары емес пе? Бізге түріктер жақын екенін білемін сондада ұлттық арнаның аты ұлттық арна?!"

"Ереке мұныңыз ерлік болды. Атыңызға затыңыз сай болды..."

Қатысты Мақалалар