Төреғали Тәшенов: «Аруымыз – Баян, жыршымыз – Сайлаубек болған заман»

/uploads/thumbnail/20170709221259867_small.jpg

Ақын, журналист Төреғали Тәшенов өзінің Фейсбук парақшасында қазіргі заманның келбетін өлеңмен суреттеді, деп жазады «Қамшы» порталы. Елімізде орын алып жатқан жағдайлар ақынның ғана емес, барша жұрттың көңіліне күйік ұялатқан заман болды.  

Абызы – Амантай (қажы) болған,
Әртісі – Адамбай (Нұртас) болған,
Әншісі – Жолбарыс (Сейфуллин) болған,
Министрі – Арыстан (бек) болған,
Аруы – ақ Баян болған – 
Қылығы көпке аян болған,
Ұрысы – Мұхтар (Әбіләзов) болған,
Ірісі – Тоқтар (Төлешов) болған,
Пайғамбары – Нұрәлі (түркістандық Әмірәлиев) болған,
«Киелі Кітап» (қазақша Библия) – Құраны болған,
Мүфтиі – Мұрат (Телібеков) болған,
Есегі – пырақ болған,
Муз тобы – 91 болған,
Көшесі – лайсаң, кір болған,
Жыршысы – Сайлаубек (МС) болған,
Биліктен – қайран жоқ болған,
Кумирі – Трамп болған,
Ұлт асы – быламық болған, 
Киносы – «Келін» мен «Шал» болған,
Халқы – түк түсіндей дал болған,
Заман-ай! Ай, заман-ай!

Қатысты Мақалалар