"Қамшының" хат қоржынына Алдаберген Аймағамбетов есімді азаматтан хат келіп түсті. "Қамшы" ақпараттық порталы еркін пікір алаңы болғандықтан, оны жариялауға ұйғарды. Қарсы тараптың айтары болса оны да жариялауға дайынбыз. Автор пікірі редакцияның пікірін білдірмейді.
Мен, атам-әкем сияқты, кәсіби теміржолшы Алдаберген Аймағамбетов, Ақтөбе темір жолы бөлімшесіндегі былықтарды заң қадағалаушы органдарға жеткізгенім үшін, Ақтөбе темір жолы бөлімшесі басшысы Жарас Ізғұловтың, теміржол бөлімшесі заңгерінің туған апасы, Ақтөбе облыстық кассациялық сот алқасы судьясы Л.Лемашоваға (кейін ол жұмысынан кеткен), судьялар С.Қосымбетовке, Н.Әжіғалиеваға арқа сүйеп, маған көрсеткен қорлықтарын амалсыздан жазбаша және бейнетаспа арқылы халқыма, Елбасына жеткізуге мәжбүрмін, араша сұраймын.
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Дон станциясында мемлекетіміздің магистралдық темір жолы желілері орналасқан аймақтан, берілмейтін жерден өзінің және бірінші орынбасары Владимир Петровтың некелі әйелдеріне 3 жер телімін берді, осы жер телімдері астындағы 730 метр станция жолы және арнайы биік алаңды, құны шамаменен 100 млн. теңге болатын, жекешелендіруге жатпайтын мемлекет меншігін некелі әйелдеріне жекешелендіріп берді. Отбасылық бизнес мемлекет есебінен айына 1 млн. 100 мың тенге пайда көріп отыр. Заң талаптары ашық түрде бұзылғанына қарамастан, «әй!» дейтін әже, «қой!» қожа болмағасын теміржол басшылары жауапкершіліктен құтылып жүр.
Жарас Ізғұловқа миллион аз болды, енді ауызды миллиардқа салды.
"Қазақстан темір жолы басқармасы 3 рет тексеру барысында Ақтөбе облысы Қандыағаш бекетінде 730 күн бойы елімізден сыртқа вагон-цистерналарыменен, композит жүгі деген атпен, шын мәнінде мұнайдың жөнелтілгенін анықтады".
2009 жылы қыркүйекте қылмыстық іске байланысты сот Үкімін шығарған, кейін жұмыстан кеткен Мұғалжар аудандық сотының судьясы Н.Әжіғалиева, 730 күннің тек 60-күнінде мұнайдың «композит» болып кеткенін көрсетіп, мемлекетке 5,5 млрд.теңге шығын келгенін анықтады.
Сонда, тағы 670 күн бойы мұнайдың композит болып кеткенін үкімде неге көрсетпеген? Бұдан мемлекет қандай шығын көрді? Бұл ақша кімнің қолында кетті? Анықтамаған. Өйткені, Қандыағаш станциясы жолында вагон-цистерналардағы мұнай жүгінің кодын композит жүгінің кодына айналдырып сырт елге жөнелткен Жарас Ізғұлов пен оның сыбайластарын жауаптылықтан құтқару үшін әдейі сот актісін шығарды.
Үлкен күреспенен, 2016 жылы ақпанда Кіріс департаменті қозғаған қылмыстық іс көзбе-көз теміржолдың өзінің анықтаған құжаттарын жасырып, қайта-қайта жабылып қалуы тектен тек емес. Мемлекетіміздің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін шамамен 100 млрд.теңге мұнай ұрлығы туралы қылмыстық іс Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің қарауына берілмей ашылмайды.
Қалайда менің аузымды жабу үшін, мені қатарынан 3 (үш) рет – 2009 жылы Еңбек шартын бұзып жұмыстан шығарды, ал кейінгі екеуінде сот шешімдерінен кейін қайта жасалмаған Еңбек шартын бұзып, қабылдамаған жұмыстан шығарды".
2009 жылы қарашада сот шешімін шығарған судья – мені бұрынғы жұмысыма емес, бұрынғы қызметіме орналастырып, қағаз жүзінде жұмысқа қосты.
-2011 жылы наурызда кассациялық сот алқасының Қаулысы, күшіне енген сот шешімі, мені 2-ші рет штаттық кестеден қысқартылған лауазымдағы бұрынғы жұмысыма қайта орналастырды. Міндетті түрде орындалатын сот шешімін Ж.Ізғұлов орындаған жоқ. Лауазым штаттық кестеге енгізген жоқ, Еңбек шартын жасаған жоқ. Жұмысқа қабылдаған жоқ. Сот шешіміменен өндірілген айлық жалақыдан мемлекетке тиісті салық төлемдерін, міндетті зейнеткерлік қорға 1 тиын да аударған жоқ. Өйткені, мен ешкім де емес екендігімді түсінетін Ақтөбеде прокурор жоқ. Мүмкін, Бас прокурор Жақып Асановтың құлағына тисе түсінер.
- 2011 жылы шілдеде, жасалмаған Еңбек шартын бұзып, штаттық кестеде қысқартылған жоқ лауазымнан, қабылдамаған жұмыстан 3-ші рет шығарды. Кассациялық сот алқасы қаулысынан кейін, араға 7 (жеті) ай салып, 2011 жылы қыркүйекте сот шешімін шығарған судья бұрынғы жұмысына қайта орналастыру туралы заңды күшіне енген кассациялық сот алқасының Қаулысын, бұрынғы қызметіне қайта орналасқан деп өзгертті. Әдейі шығарылған сот шешімінің аясында, орындалуы міндетті сот шешімін орындамағандар - Ж.Ізғұлов пен оның сыбайластары, мемлекеттік сот орындаушылары А.Асқар, Т.Әбуов жауаптылықтан құтылып жүргендеріне 6 (алты) жыл толды.
- 2016 жылы шілдеде Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев жеке қабылдауында болғанымда «Еңбек шарты жасалмаған жерде жұмысқа қабылдау бұйрығы қайдан болады?» деп, орындалуы міндетті сот шешімінің орындалмағанына көзі жетті. Қалайда, Ж.Ізғұловты жауаптылықтан құтқару үшін, заңды күшіне енген сот актісінің талабын, заңды күшіне енген екінші сот Актісіне өзгертіп, қарама-қайшы сот Актісін шығарған Ақтөбдегі сотқа кімнің әлі келеді? Осыдан кейін, жұмысқа қайта орналастыру туралы міндетті сот шешімін орындатуға енді ешкімнің де құлқы жоқ, оны ұмытты! Мүмкін, бұл масқаралық жағдай Жоғарғы Сот төрағасы Қайрат Мәмидің құлағына тисе түсінер.
Мен, алды 16 жастағы 8 немеренің атасы, жұмысқа қайта орналастырған 2011 жылы наурыздағы міндетті сот шешімін орындата алмаған қорлықтан, 2-рет инфаркт алдым, жүрекке операция жасаттым. Шыдамым таусылды.
Ақтөбе облысы құқық қорғау органдары,
Құрметті Отандастар!
Отанымыз Қазақстанда заңды белден басып, ойларына келгендерін жасап, мемлекет қалтасына қол салып, мемлекет есебінен байып, мемлекетімізге қауіп төндіретін іс-әрекеттерге барғандарды тоқтатуға бірауыздан дауыс көтеріп, маған араша түсулеріңізді сұраймын.
Алдаберген Аймағамбетов 2017 жылдың наурызы.