НАТО: «Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасаған»

/uploads/thumbnail/20170709221425362_small.png

15 Шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекет жайлы НАТО-ның тұжырымы, деп хабарлайды "Қамшы" порталы. 

Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар сайтында НАТО-ның 15 Шілдедегі жағдайға көзқарасы жарияланды: Түркия президенті Ердоған өзіне қарсы өзі төңкеріс жасауды жоспарлаған.

Норвегияның алдыңғы қатарлы хабар тарататын сайттарының бірі Aldrimer.no15 Шілдедегі оқиғаға байланысты НАТО-ның қалай қарайтынын жазды.

KjetilStormark атымен жазылған хабарда «НАТО-дағы басым көзқарас мынау: Түркия президенті Ердоған төңкерісті өзіне қарсы өзі жоспарлады» делінді.

Норвегия сайтында жарияланған хабарда былай делінген:

Aldrimer ге пікір білдірген НАТО-ның жоғарғы деңгейдегі шенділері Ердоғанның 15 Шілдеде төңкерісті өзі ұйымдастырғанына сенетіндіктерін айтқан. Алайда бұл өте бір ерекше мәселе болғандығы себепті НАТО-да бұған қатысты қандай да бір жазбаша мәтін әзірленбегендігін білдірді. Бұған себеп ретінде НАТО мүшесі мемлекеттердің барлығының ынтымақты түрде жиналған құпия мәліметтерге қол жеткізу құқына ие екендігі көрсетілді.

1600 адамның есімі дайын тұрған
Дегенмен НАТО-дағы басым көзқарас анық:

Жоғарғы деңгейлі шенділер үш не төрт жұлдызды генералдар 30-40 жылдан бері Түркиямен бірге жұмыс жасап келе жатқан әрі 4-5 жылдан бері түрік басшыларына кеңес беретін НАТО мекемелері расында бір төңкеріс болғандығына сенбегендіктерін айтуда. НАТО-ға қарайтын бір мекемеміз. “Егер Түрік қарулы күштері бір төңкеріс жасағысы келсе, мұны міндетті түрде жасар еді. Бұл өзі Түркияда қалыптасып қалған дағды” деді “Қарулы күштерден шығарып жібергісі келген 1600 кісінің есімдері төңкеріске бір күн өте салысымен қолдарында еді” деді.

1 жылдық дайындық
Сенімді дереккөздері бойынша НАТО-да қызмет жасайтын түрік қызметкерлердің 80-90 пайызы жұмыстан шығарылды. НАТО бойынша елге қайтуға батылы жеткендердің көбі түрмеге қамалды, бірқатары өлім құшты.

“Қазіргі уақытта НАТО-мен байланыстағы түрік басшылар Ердоғанның осы сөз жүзіндегі төңкерісті 1 жылдан бері жоспарлағанын, жұмыстан қуғысы келген адамдардың аттары қолдарында болғанын айтты” деген НАТО дереккөздері “Қазірге дейін мұның шын мәніндегі төңкеріс екеніне сенген адамды көрмедім» деген.

Нарцист ретінде аталуда
НАТО-мен бірге жұмыс істейтін бір мекеме Ердоғанды «нарцист» деп атады. 

Aнкара үнсіз
Aldrimer.no ға NATO Жалпы хатшысы Stoltenberg тақырыпқа қатысты пікір айтудан бас тартты. НАТО-ның баспасөз офисі де “15 Шілдедегі төңкеріс жасамақ болған әрекеттің артында кім тұр?” деген сұраққа жауап айтпады. Енді бір жағынан Ердоған кабинеті де «Ердоған бұған не дер екен» деген сұраққа да жауап айтпауда.

Авторы: Берік Мыңжасар

Қатысты Мақалалар