Америка тілшісі Джошуа Блисман қазақстандық боксер Геннадий Головкинді мексикалық Саул Альварестен қашып жүр деп мақала жазады. Бұл жайында Vesti.kz хабарлайды.
«Головкин «Канелодан» қашуын доғарып, жекпе-жекке шығуы тиіс. «Канелоның» промоутерлері Головкинге жақын күндері 15 миллион АҚШ долларын, бұдан бұрын 10 миллион ұсынған екен. Головкинге бұндай қомақты соманы басқалары ұсына ма?», - деп пікірін білдірді тілші.
«Егер Головкин Канеломен жекпе-жек алаңында кездесуді қаласа, ұсынысты қабьлдар еді. Бұл менің өзіндік пікірім.
Бұл Головкиннің спорт әлеміндегі мансабын көтеретін бірдіен-бір ұсыныс, әрине, егер жеңіске жетсе. «Канелоға» қарсы осындай ұсынысты маған айтса, ойланбастан келісер ем. Тіпті, бір миллион берсеңдер, Головкинмен де, «Канеломен» де жекпе-жекке шығуға дайынмын», - дейді Блисман.
Тілшінің айтуынша, «Канело» кездесуге қазірдің өзінде дайын. Тек Голоовкиннен жауап күтуде. Басқа боксшылармен кездесуден Головкин дәл «Канело» ұсынған табысқа кенеле қоймас.
Еске сала кетейік, Головкиннің келесі жекпе-жегі 18 наурыз күні Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында өтеді. Қарсыласы – орта салмақтағы америкалық Дэниел Джейкбос.