Горбачев Еуропада қантөгістің орын алуы туралы ескерту жасады

/uploads/thumbnail/20170708153853611_small.jpg

Кеңес Одағы коммунистік партиясының соңғы бас хатшысы Еуропада соғыс пен қантөгістің болуы туралы ескерту жасаған. Бұл туралы Иран қазақ радиосы «Германия» ақпарат агенттігіне сілтеме жасап жазды.

Кеңес Одағының соңғы жетекшісі Михаил Горбачев Украина мәселесі бойынша Еуропа мен Ресей арасында қалыптасқан текетіреске тоқталып, Батыс елдеріне Украина дағдарысын әскери фазаға тартпау туралы ескерту жасады. 83 жастағы ресейлік саясаткер егер іс әскери қарсыласуға жетсе, Еуропаның қантөгіске куә болатынын құлаққағыс етті. Горбачев сөзінің басқа бір бөлімінде Украинаның шығысындағы қақтығыстардан ұзақ уақыт өткенімен әскери емес, бейбіт азаматтарды аймақтан шығару үшін шара таппауды сынады. Ол Украина дағдарысын бейбіт жолмен шешудегі БҰҰ мен Еуропа Одағының рөлін өте әсерлі деп атаған.

Қамшы-ақпарат

 

Қатысты Мақалалар