Әнші, сазгер Заттыбек Көпбосынұлы қымызды насихаттайтын жаңа эстафета ойлап тапты. "Қымызмұрындық" деп аталатын бастамаға қатысқан адамдардың ән салып, қымыз ішіп отырғанын көруге болады, бұл туралы massaget.kz.жазды.
Әнші кезекті МузАРТ тобының әншілері Мейрамбек Беспаев, Сәкен Майғазиев, Кенжебек Жанәбілов, айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және жүргізуші Асхат Садырбайларға аманаттап тапсырды. "Қымызмұрындық" эстафетасының шарты бойынша, кезекті алған қазақстандық әншілер қымыз ішіп отырған сәттерін видеоға түсіріп, оны ғаламторға таратуы керек. Бұл арқылы олар қазақтың ұлттық сусынын насихаттамақ.
Қамшы-ақпарат