«Барахолканы» тағы да өрт шалды

/uploads/thumbnail/20170708153934117_small.jpg

Алматыда халық арасында «барахолка» атанған жайма базарды тағы да өрт шалды. ҚазАқпараттың хабарлауынша,  мұндағы «Алатау» базарының бірқатар саудалық орындары өртке оранған. 

Қазіргі сәтте, оқиға орнына өрт сөндіру қызметі мен шұғыл көмек бригадалары өрт сөндіру жұмыстарымен айналысуда. Базар қызметкерлерінің айтуынша, өрт шамамен бүгін таңғы сағат 8:00 басталған. Ал өрттің шығуы туралы Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті әзірге қандай да бір түсініктеме беруден бас тартуда. 

Естеріңізде болса, аталған базар аумағында былтырғы жылы бірнеше рет үлкен өрт болды. Онда бірнеше жүз миллион теңгенің туарарлары жанып кетті. Алматы қалалық, Солтүстік айналма жолдың үстіне салынған аталған базар көлік қозғалысына айтарлықтай нұқсан келтіреді әрі базарға келушілердің көлік тұрағы қарастырылмаған. Сондай-ақ базар аумағында өрт қауіпсіздігі мен экологиялық, санэпидемиологиялық талаптар сақтала бермейді. Соған қарамастан бұл базарда жүздеген адам үлкенді-кішілі саудамен айналысып, нәпақа айырады.

Қамшы-ақпарат

Қатысты Мақалалар