15 жасар оқушы қыздың денесі Ұлыбританиядағы саябақтардың бірінде табылды qamshy.kz life.ru-ға сілтеме жасап. Қаза тапқан Эмили Грант есімді қыз өз үйінен шығып кеткен, содан кейін із-түссіз жоғалған. Полицей қызметкерлері оның мәйітінде ешқандай зорлық-зомбылықтың белгілерін таппаған. 12 наурыз күні өзінің бөлмесіне кіріп кеткен қызды одан кейін ешкім көрмепті. Ешқандай айғақ таба алмаған полицей қызметкерлері тергеу әрекеттерін жүргізуде.
Қаза тапқан қыздың сыныптастары оның Facebook-тағы парақшасына көңіл айтып, өз ізгі ниеттерін білдірген.
«Мен ешқашан періште келбетіңді ұмытпаймын. Сені әрдайым сүйгем, өмір бойы сүйіп өтем»-деп өз сезімін білдіріп Тони Пек есімді азамат жазыпты. Сонымен бірге марқұм қыздың достары оның мәйіті табылған саябаққа барып, оны еске алу кешін өткізбекші.
Пікір қалдыру