Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық және халықаралық БАҚ-пен кездесу барысында өзінің Қазақстандағы белгілі объектілерге өзінің атын беруге байланысты өз пікірін білдірді деп хабарлайды qamshy.kz Today.kz-ке сілтеме бере отырып. Esquire журналының шеф-редакторы Гүлнар Бажкенова қойған: «Қазіргі уақытта әлеуметтік желіде сіздің құрметіңізге арнап ән шырқап, өлең шығарып, кино түсіріліп жатқандығы туралы көп жазатын болды. Депутаттар тарапынан да сізге арнап ескерткіш орнату, кейбір объекттерге атыңызды беру туралы мәселе жиі қозғалады. Осыған көзқарасыңыз қандай?» деген сұрағына президент былай деп жауап қайырды:
«Маған бұл керек емес. Мен сіздерге әрқашан осыны айтамын. Марк Аврелий өз уақытында былай деген: "Ескерткіштерді тек өздерінің болашақ ұрпақтардың есінде, жүрегінде қалатынына сенбейтіндер орнатады. Ешқандай ескерткіш, адамның жасаған тірліктерін көрсете алмайды. Мәселен, Сталин, Ленинге кезінде өздерінің ілтипатын білдіріп, ескерткіш орнатқан адамдар кейін өздері сол басшыларға қарсы шығып, жек көрген. Болашақта мен президенттіктен кеткен уақытта келер ұрпақ дәл осылай ойласа не болмақ?»-деді.
Сұраққа жауап беру барысында президент мұндай іс-әрекеттерге ілтипатсыздығын білдірді. Сонымен бірге, өз сөзінде елбасы өз атын тек Назарбаев Университетіне ұсынған уақытта ғана келісімін бергендігін айтты.
«Бұл университет Қазақстанның ғылыми орталығына айналды. Мен оның ерекше жоғарғы оқу орнына айналатынына сендім, сондықтан да өз келісімімді бердім. Барлық жоғарғы оқу орындары осы университеттен үлгі алғанын қаладым. Ал енді қалған нәрселерге қатысты мен өзімнің қарсы екенімді айттым. Тағы да айтамын: маған бұл қажет емес. Адам хақында оның іс-әрекеті, еңбегі, адамгершілігі айтуы қажет. Артында қалдырған ізі мен орны айтуы қажет. Мен ел басқаруым керек болды. Еліме басшы болып Қазақстан деген мемлекетті картада белгілеп, оның астанасын салу маған берілген міндет болды. Енді міне, Астана –бүгін біздің еліміздің мақтанышы болып отыр»-деді елбасы.
Пікір қалдыру