ШҚО ІІД: ГОЛОВАТЮКТІҢ ҚОС АЗАМАТТЫҒЫ ЖАЙЫНДА АҚПАРАТ РАСТАЛМАЙ ШЫҚТЫ

/uploads/thumbnail/20170709232920605_small.JPG

«Қамшы» порталында қаңтардың 22-сі күні «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ РЕСЕЙ АЗАМАТЫНЫҢ ҚОЛАСТЫНДА МА?» атты мақала жарияланған болатын.
Онда, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы Головатюк Владимир Михайловичдің Ресей азаматтығы болуы мүмкін екені туралы жазылған болатын. Редакцияға хат жолдаушы хатында «1988 жылдың 12 тамызында Головатюк Владимир Михайлович есімді азамат Ресей Федерациясының «Азаматтық туралы» заңының 3 бабының негізінде Астанадағы Ресей елшілігінің консулдығында Ресей азаматтығын алғаны» туралы жазған болатын. Аталған мақала 20 мыңнан астам рет оқылып, әлеуметтік желіде қызу талқыланған еді.

Бүгін ШҚ облыстық мәслихаты хатшысының қос азаматтығы жайында қауесет расталмағаны туралы мақала шықты.

Полицей қызметкерлері ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін 2 ай уақытын жұмсаған.

«Тексеру нәтижесінде ШҚ облысы мәслихатының хатшысы  Владимир Головатюктің қос азаматтығы жайында ақпарат расталмай шықты», деп мәлімдеген ШҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Торғаев.

Елбасы ылғи да айтатын мемлекеттік қауіпсіздік мәселесінде БАҚ-тың алар орны да ерекше. Сондықтан да «Қамшы» порталы поштаға келген мәселеге бейжай қарай алмай оқырманға ұсынған еді. «Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін» екенін еске сала отырып, оқырмандардан расталмаған ақпарат үшін кешірім сұраймыз!

Қатысты Мақалалар