Жеті баланың анасы тағы да екіқабат екенін біліп өз-өзіне қол жұмсады

/uploads/thumbnail/20170709233318093_small.jpeg

Ұлыбританиялық 34 жасар жеті баланың анасы өзінің тағы да аяғы ауыр екенін біліп өз өзіне қол жұмсады деп хабарлайды «Қамшы» порталы The Sun газетіне сілтеме жасап.

Карла Мураг пен оның жұбайы Мэтью жеті баланың ата анасы. 14 айлық пен 15 жас аралығындағы балалардың анасы былтырғы жылдың тамыз айында аяғы ауыр екенін біліп қатты таңқалған. Қаржылық дағдарысты бастан кешіріп жүрген екеуі ойлна келе, Карланың денсаулығының мәз еместігін ескере келіп, баланы алдыртуға бел буған.

«Ол өте қапалы болды. Біз жетінші баланы асырай аламыз ба, қалай бағып қағамыз деген мәселе оны жегідей жеді» деп есіне алды күйеуі Мэтью. 

Суицидке дейін тоғыз күн бұрын Карла  өз шешімін өзгертіп баланы қалдырам деп шешіп, анализдерді тапсыру туралы айтқан» дейді дәрігер.

Мэтьюдің айтуы бойынша сол күні Карла біртүрлі көңіл күйде болды. Алайда аса қатты қобалжулы болғаны байқалмаған.

Карла балаларының біреуінің туған күніне дайындалып, тамақ жасай бастаған, ал күйеуі супермаркетке торт алуға кеткен. Күйеуі үйге келген соң Карла оған өзінің жайсыз сезінгенін айтып, бөлмесіне кетіп қалған. Арада біраз уақыт өткен соң Мэтью әйелін дарға асулы күйінде бөлмеден тапқан. Ол оны құтқармақ болып, дәрігерлер шақырған. Алайда, әйел бақилық болып кеткен, баласын да аман алып қалу мүмкін болмаған.

Сарапшылар Карланың қанының құрамында ішімдік пен антидепресанттардың бар екенін анықтаған. Тергеу әрекеттері  дәрігерде ешқандай кінә жоқ екенін анықтады.

Қатысты Мақалалар