WBO чемпионы ұлыбританиялық Билли Джо Сондерс өз сұхбатында Головкин туралы өзінің ойларымен бөлісті. Головкинге арналған видео жазбасында ол өте төмен деңгейлі нашар балағат сөзбен оған тіл тигізді деп хабарлайды «Қамшы» порталы. Айтарын айтып алып боксшы айтқан сөзінен қысылып күліп жіберді.
«Маған менің белбеуімді беріңдер. Белбеуімді беріңдер деп айта бересің, белбеуіңді алуға мүмкіндік берем. Қазақстанда сенімен бірге жекпе жекке шыққым келеді» деді боксшы.
Сондерс 27-де, Головкин 34-те. Сонерс Головин жасы келіп, қартайып барады дейді. «Ол өзінің қарапайым адам екенін дәлелдеді. Оның арманындағы жекпе -жегі - менімен жекпе-жек. Мен оны тыныш ұйқыдан айырамын. Осы жекпе-жектің барлық құжаттарының рәсімделуін күтіп жатырмын. Мен бұл жекпе-жекке дайынмын. Қазақстанда өтуіне қарсы емеспін. Тура 11 аптадан кейін өтетін болса мен дайынмын. Алайда маған 5-6 аптадан соң шығасың десе, мен келіспеймін. Мен қазір дайындық үстіндемін. Көп адамдар менің осы жекпе-жекте нокаут алғанымды көргісі келеді. Енді міне, менің мүмкіндіктерімді көретін уақыт келді. Егер контракт осы аптаның соңына дейін дайын болмаса мен басқа бағытта кетемін. Бизнестің аты бизнес. Әу баста жекпе-жекке келісімімді берген жоқпын, себебі бұл ақымақтық сияқты көрінді. Алайда қазір бұл ұсыныс маған соншалықты бүртүрлі көрінбейді. Дегенмен, мен ұзақ күтпеймін»- деді ол өз сөзінде.
Сұхбатының соңында ол Головкинге қатысты жалпы алғанда жаман жігіт емес деген қорытындыға келді.
Ал қазақстандық Головкин болса, қазіргі уақытта WBC, WBA (Super), IBF және IBO титулдарына ие. Ал әлемдік чемпион атану үшін оған тек WBO титулы ғана керек. Ал оны Головкин тек Сондерспен жекпе-жектен кейін ғана ала алмақ.