Тимур мен Динара Құлыбаевтар соңғы бір жылда 100 миллион долларға байыған

/uploads/thumbnail/20170709233502172_small.jpg

Forbes журналы әлемдегі миллиардерлердің жыл сайынғы рейтингін жариялады. Тізімге енген қазақстандық бес миллиардердің төртеуінің байлығы артқан. Бұл туралы www.centralasian.org жазды.

Солардың алғашқысы - Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Болат Өтемұратов. Биыл журнал оның байлығын 2,3 миллиард доллар деп бағалады, яғни өткен жылғы нәтиже сақталған.

Қазақстанның ең бай азаматтарының рейтингінде екінші орында "Қазақмыс" корпорациясының бұрынғы басшысы Владимир Ким орналасқан, оның байлығы 2,1 миллиард долларға бағаланды. Кәсіпкердің қазынасы 2015 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 600 миллион долларға артқан.

Ерлі-зайыпты Тимур мен Динара Құлыбаевтар (Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы мен күйеу баласы) да рейтингте екінші орын алды. Олардың әрқайсысының байлығы - 2,1 миллиард доллар. Бір жылда бұл екеуі байлығын 100 миллион долларға көбейткен.

Қазақстандық байлардың бестігін ERG компаниясының ортақ иемденушісі, "Еуразиялық банк" АҚ президенті Алиджан Ибрагимов қорытындылады. Кәсіпкердің байлығын журнал 1,9 миллиард долларға бағалады, бір жылдың ішінде ол 300 миллион долларға байыған.

Әлемнің ең бай атағын осымен төртінші жыл қатарынан Билл Гейтс иеленді. Microsoft корпорациясының негізін қалаушының байлығы бір жылда 75 миллиардтан 86 миллиард долларға дейін өскен.

Қатысты Мақалалар