Британ Парламентіндегі шабуылдан таңғалдыратын дерек

/uploads/thumbnail/20170709233711784_small.jpg

Ағылшын Парламенті маңындағы Westminster көпірінде адамдарды баса-жанша жүрген белгісіз адам полицейлердің бірін пышақпен жаралаған. Соңынан атып өлтірілген. Алдын ала мәліметке сай көлік Парламент сарайына кірер қақпаға дейін жеткен. Оны тоқтатқан полицей пашақ жарақатын алған, сол тұста шабуылдаушы басқа полиция тарапынан атып өлтірілген.

Ағылшын Парламенті маңында қарулы шабуыл жасалып, 2 адам қайтыс болғаны туралы жазған едік. Соңғы дерекке сай 4-і ауыр түрде 12 адам жараланған. Бір әйел қайтыс болған.

Назар аударатын өте маңызды деректің бірі дәл бір жыл бұрын Брюссельде террорлық шабуыл жасалып 32 адам қайтыс болып, 300-ден астам кісі жараланған еді.

Батыс БАҚ-тары сейсенбі күні интернетте джиһадшылардың Ағылшын Парламентінің ұшақта коммуникациялық құрал алып жүру туралы заңын талқылағанын айтады. Ағылшын Парламенті коммуникациялық құралды ұшақта тасуға белгілі мөлшерде шектеу қойған. Себебі кез-келген коммуникациялық құрал жарылғышқа айнала алады. 

Соңғы дерек қазіргі уақытта Парламенттің босалтылғанын хабарлады. 

Қатысты Мақалалар