22 наурызда Лондонда орын алған терракт нәтижесінде зардап шеккендер ішінде қазақстандықтар жоқ деп хабарлайды «Қамшы» порталы Today.kz-ке сілтеме беріп. ҚР мәдениет және спорт министрлігіне терракт нәтижесінде зардап шеккен қазақстандықтар туралы ешқандай ақпарат түспеген.
Лондондағы қазақстандық азаматтарға абай болып, сабырлық танытуды, көп адамдар жүретін жерлерде жүрмеуге кеңес берілуде.
Парламент Сенатының төрағасы Қасым Жомарт Тоқаев Лондондағы террактқа байланысты көңіл айтты. «Лондода орын алған террорлық әрекеттерден жапа шеккен адамдарға көңіл айтқым келеді. Біз бәріміз бірігіп терроризмге қарсы кұресуіміз керек» -деп жазды ол өзінің Twitter-дегі парақшасына.
Еске салсақ, 22 наурыз күні Вестиминстер көпірінде белгісіз көлік жүргізушісі жаяу жүргінші жолында бір топ адамады қағып, парламент ғимаратының алдына келіп соғылған. Онда полицей қызметкеріне соқтығысқан ол полицейге қарсы пышақ жұмсаған, нәтижесінде тағы бір полицей қызметкерімен атылған. Оқиға терракт ретінде бағаланды. Жалпы алғанда он бес адамдай зардап шеккен.