АҚОРДАДА НАЗАРБАЕВ ӨЗБЕКСТАН ПРЕЗИДЕНТІ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

/uploads/thumbnail/20170709233739378_small.JPG

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz

Президент Назарбаев Өзбек басшысын зор салтанатпен қарсы алды.

Елбасы Наурыз мерекесіне орай елге келіп жатқан Өзбек басшысының қадамын жақсылыққа балап, алғысын айтты. Бұл кездесудің аймақтық ынтымақтастық пен экономикалық маңызы жоғары екенін айрықша атап өтті.

«Сіз қызметке келгелі екі елдің арасындағы тауар айналымы отыз пайызға артты. Миллиард доллардың келісімшарттарына қол қойылды», - деді Назарбаев Өзбекстанның жаңа президентіне.

«Құрметті туған бауырлар!», - деп бастады Мирзиёев өз сөзін.

«Екі ел арасындағы Ислам Каримов екеуіңіз қалыптастырған ынтымақтастық одан әрі нығая түседі. Біз Қазақстанды ең жақын әрі сенімді серіктесіміз деп санаймыз»  деп, Орталық Азияның ынтымақтастығы туралы сөз еткен Өзбек басшысы Қазақстанды БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуымен құттықтады.

«Бүгінгі кездесу біздің болашақ қатынасымыз үшін үлкен маңызға ие. Біз жиі кездесіп тұрамыз. Осылай шақырғаныңыз үшін «Рақмет» айтамын деді өзбек тілінде Мирзиёев . Сондай-ақ Елбасы Назарбаевты Өзбекстанға сапармен келуге шақырды.

Айта кетсек, Өзбекстан басшысы наурыз мерекесі қарсаңында кеше 22 наурызда ресми іс-сапармен келді. Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев қарсы алған болатын.

Естеріңізге салсақ, 5 желтоқсанда Шавкат Мирзиёев Өзбекстан президенті болып сайланды. Сайлау 4 желтоқсанда өтті. Өзбекстан Президентінің міндетін атқарушы, Премьер-министр Шавкат Мирзиёев мемлекет басшысы сайлауында 88,61% дауыспен жеңіске жетті. Өзбекстанда сайлау өте сала Назарбаев пен Мирзиёев өңірлік қауіпсіздікті нығайту мәселелері жөнінде пікір алмасты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының сайланған президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті.
 

Нұрғали НҰРТАЙ

Қатысты Мақалалар