Әнуар Нұрпейісов: «Қазақ ұлты бәрібір жойылады» деген сөздер менің сөздерім емес

/uploads/thumbnail/20170709233958989_small.jpg

Әнуар Нұрпейісов: «Қазақ ұлты бәрібір жойылады» деген менің айтқан сөздерім емес

Елімізге белгілі актер Әнуар Нұрпейісов жуырда ғана «Қазақ ұлты ерте ме, кеш пе, бәрібір жойылады. Сондықтан да ұлт үшін аса қатты қам жемеңіздер» деген сөздері үшін сынның астында қалған болатын. Аталмыш іске қатысты актер әлеуметтік желіде видео арқылы көпшілікке жауап беріп, қазақстандық ақпараттық порталды сотқа бермек, деп хабарлайды «Қамшы»

Өзінің видео жолдауында Әнуар Нұрпейісов былай дедйі:

«Сәлем, достар! Сіздерге соңғы уақытта болып жатқан дау-дамайға қатысты жауабымды бергім келеді. Қазақстандық ақпараттық сайт өзінің біліксіздігін тағы да дәлелдеді. Жарты сағат бұрын Атырау қаласындағы форумда «Қазақ ұлты 500 немесе 1000 жылдан кейін жойылуы мүмкін» деген сөздер айтқан болатынмын. Бұл – мүмкін, бұл – гипотеза. Негізінде, бұл менің сөздерім емес. Бұл сөздерді бірнеше жылдан кейін әлемде тек бір ұлт қана болады деп есептейтін футурологтар айтқан».

Сонымен қатар Қазақстандық порталдың өзінен кешірім сұрап, қателіктерін жуып-шаймаса, істі сот арқылы шешетінін жеткізген.

Актер Әнуар Нұрпейісовтың видео үндеуіне қатысты әлеуметтік желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.

Қатысты Мақалалар