Индонезияда әйелді некесіз төсек қатынасына түскені үшін ел алдында жазалады

/uploads/thumbnail/20170709234044381_small.jpg

Интернетте некесіз интимдік қатынасқа түскені үшін әйелді Индонезия халқы жазалап жатқан кездегі суреттері жарияланды, деп жазады Mirror, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Суматра аралында орналасқан Ачех қыстағында елдің алдында әйелді шариғат заңы бойынша шыбықпен ұрып-соққан. Бұл елде некесіз қатынасқа түсуге қатаң тыйым салынған. Суретте көріп тұрғанымыздай, бетіне бетперде киген адам жазаны орындаушы. Индонезияда мұндай жаза қолдану қалыпты жағдай болып табылады.

 

Жазаға тартылушыға 23 дүре соққан.

Ачех қыстағы Индонезиядағы шариғат заңын ұстанатын жалғыз аймақ. Бұл мекенде ислам заңдары бойынша қылмыскерлерді жазалау үрдісі автономиялық статус алғаннан соң 2001 жылдан басталған. 

Қатысты Мақалалар