Бүкіләлемдік бокс кеңесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласын анықтады.
GGG-дің енді аргентиналық Хорхе Хейланд (28-4-2, 15 КО) пен америкалық Джермалл Чарло (25-0, 19 КО) арасындағы кездесудің жеңімпазымен жекпе-жекке шығады. Бұл туралы vRINGe.com порталы ESPN Deportes порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл жекпе-жектің маңызды екенін ескере кету керек. Себебі, Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) белбеуі сарапқа салынады.
Еске салайық, Чарло бұған дейін 69,9 келі салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағынан бас тартып, орта салмаққа ауысқанын хабарлаған еді. Ол өзінің соңғы кездесуін өткен жылдың желтоқсан айында өткізіп, Джулиан Уильмстан асып түсті.
Хейланд болса бірнеше уақыттан бері орта салмақта WBC рейтингінде көш бастап келеді. Бірақ әлі де чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек өткізген жоқ.
vRINGe.com порталының мәліметінше, бұл екі боксшы арасында өтетін кездесудің жеңімпазы алдағы уақытта қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен кездесуі керек.