Италияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Ресейдің G8 форматына қайтарылатынынан үмітті

/uploads/thumbnail/20170709234829403_small.jpg

Италияның Сыртқы істер министрлігінің басшысы Анджелино Альфано жуық арада G8 форматы Ресейдің қатысуымен өтіп, тың жұмыстар басталатынына сенімді. Бұл жайында саясаткер Мәскеуге барар сапарының алдында хабарлады.

«Таорминде өткен саммиттегі G7 форматы соңғы болды деп үміттенем. Келесі G8 форматы Ресейдің қатысуымен өтетін болады. Алайда, бұл сценарий Мәскеудің құрылымдық және бірлескен жұмысына байланысты құрылады. Біз Ресейдің халықаралық аренада үлкен үлес қосатын сенімді серіктес атанарына сенеміз»,  - деді Альфано РИА жаңалықтар қызметінің тілшісіне берген сұхбатында.    
 

Сондай-ақ, Альфано Ресейге қарсы секторлы экономикалық санкцияның жойылатынын мәлімдеді.

«Екі елдің ынтымақтастығы нығайып, экономикасына жаңа мүмкіндіктер келетін сәттің жақын арада орнайтыны сөзсіз».

Еске сала кетейік,  2014 жылғы мемлекет басшыларының Сочидағы дамыған мемлекеттердің формалды емес клубына барудан бас тартып, Ресейсіз Брюсселде бас қосты. Оған Қырымның Ресейге қосылып, Украинаның шығысындағы қақтығыстың шиеленіскені себеп болған.

Қатысты Мақалалар