Запастағы офицерлік құрамды іріктеу жұмыстары басталды

/uploads/thumbnail/20170709234927404_small.JPG

Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарында ҚР ҚК офицерлік құрамының лауазымын жиынтықтау бойынша іріктеу іс-шаралары басталды, деп хабарлайды "Қамшы" Алматы қаласы Бостандық ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің офицерлік құрамының лауазымдарын жиынтықтау үшін запастағы офицерлерді іріктеуді сапалы өткізу мақсатында, 2006 жылғы 25 мамырдағы ҚР Президентінің Жанғысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарында әскери қызметті өткеру ережесінің 27-бабына сәйкес Алматы қаласы ҚІД-нде тұрақты әрекет ететін комиссия құрылған. Іріктеу іс-шараларын өткізу кезінде заңдылықты қатаң сақтау және құқық тәртібімен қамтамасыз етілген, кешенді емтиханды тапсыру, психологиялық және медициналық куәландыру өткізу, үшін қызмет үй-жайын дайындау шаралары ұйымдастырылған, нормативтерді тапсру үшін снаряд пен жүгіру жолдары бар спорттық алаңдарды жабдықтау ұйымдастырылған. Конкурстық комиссияның хаттамасы ұсынылғаннан кейін белгіленген заңдылық тәртібінде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау туралы жеке құрам бойынша бұйрық шығарылады. Өткен жылы запастағы офицерлерді қабылдау тек қана жылына бір рет (көп дегенде 2 рет) өткізілген болатын, ал осы жылы ҚР ҚК офицерлік құрамының лауазымын жиынтықтау бойынша іріктеу іс-шаралары жыл сайын үнемі болатынын атап өтуге болады. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нде қызмет ету толық әлеуметтік қорғау береді, әскери қызметшілері мен олардың отбасылары үшін тегін медициналық қызмет көрсетіледі, тұрақты ақшалай үлеспен (оның ішінде үй жалдау үшңн отбасы мүшелерінің санына байланысты өтемақы төленеді), қызмет өсу мүмкіндігі бар.

Қатысты Мақалалар