Көктемгі Наурыз мерекесі кезінде «Sociëteit De Witte» беделді саяси клубында (Гаага қ.) конституциялық реформалар мен Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру мақсатында «дөңгелек үстел» өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шара Нидерландтағы Қазақстан Республикасының Елшілігімен және 1802 жылы құрылып, үш мыңнан астам тұрақты мүшелерлер санынан тұратын «Sociëteit De Witte» клубымен ұйымдастырылды. Нидерландтағы Қазақстанның Елшісі Мағжан Ілиясов «дөңгелек үстел» қатысушыларына заманауи Қазақстан туралы және мемлекет тәуелсіздігінің құрылуы мен тұрақтылығындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекші рөлі туралы, сонымен қатар мемлекеттің экономикалық және инвестициялық әлеуеті мен Нидерландпен іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы мультимедиялық презентациясын ұсынды.
Қазақстандық дипломат «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның қабылдануы жалпы Қазақстан Республикасының саяси жүйесін демократияландыруға, Парламент пен Үкіметтің рөлін сапалы арттыруға, сондай-ақ халық алдында мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының жауапкершілігін арттыруға бағытталғанын жеткізіп түсіндірді. Конституциялық реформаның, Қазақстанның тұрақты дамуы мен дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруіне жұмылдырылған Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспары мәнмәтінінде аса маңызды мағынаға иелі екендігі атап көрсетілді.
Сонымен бірге, «дөңгелек үстел» қатысушылары Президент Н. Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын жүзеге асыру мәнмәтінінде іскерлік ынтымақтастықтың мүмкіндіктері туралы ой-пікірлерімен бөлісті. Шетелдік инвесторлар үшін құқықтық кепілдіктер, жеңілдіктер мен преференциялар жүйесін құру шетел капиталының қатысуымен кәсіпорындардың белсенділігін ынталандыру бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күш-жігері мен шаралары атап өтілді. Талқылау шеңберінде «KB Enterprises» голландтық-қазақстандық бірлескен кәсіпорын директоры Гербен Пек шетелдік инвесторларды тарту мен қолдау бойынша Қазақстанның орталық және жергілікті билік органдарының белсенді жұмысын атап, нидерландық компанияның Қазақстандағы қызметінің тәжірибесі туралы айтты.
«KB Enterprises» компаниясы Астана маңындағы қуаттылығы 100 МВт күн электр станцияларын салу мен пайдалану бойынша ірі жобаны жүзеге асырып жатқаны атап көрсетілді. Іс-шараға қатысқандар «сұрақ-жауап» форматында Мемлекет басшының бітімгершілік бастамаларына, сондай-ақ халықаралық диалог алаңы ретінде Астананың табысты рөліне жоғарғы баға беріп, тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстанның жетістіктерін талқылады. Бес институционалдық реформаларды жүзеге асыру, Қазақстанның ХХІ ғасырдағы орнықты дамуы үшін сапалы жаңа негіз қалыптастыратыны атап көрсетілді.