7 мамырда Қазақстан әскерилерінің ауқымды шеруі өтеді

/uploads/thumbnail/20170709235340485_small.jpg

7 мамыр күні Астанада  елімізде бұрын-соңды болмаған әскери шеру өтеді. Шеруде  бес мыңнан астам сарбаз сап түзеп,  қарым-қабілеті күшті 200 әскери техника көрсетіледі. Ал 80-ге жуық ұшақ пен тіқұшақтар авиашоуға қатысады. Яғни ҚР Қорғаныс министрі, генерал-полковник Сәкен Жасұзақов көшпелі жұмыс кеңесін өткізді. 

ҚР Қарулы Күштері Бас штабының  хабарлауынша, мазмұн­дық идеясына қарай парад тарихи және заманауи  бағыттағы екі бөлімнен тұрады.  Тарқатып айтсақ, тарихи бөлімде 1941-1945 жыл­дар­дағы соғыс техникасының 36 түрі қаты­сады. Оның ішінде 27 әскери техника мен қару-жарақ, Т-34 танкі, ЗиЛ-157, ЗИС-2 зеңбірегі және  М-30 гауби­цасы, танымал БМ-13 РС-30 «Катюша» және «Максим» пулеметі бар.  Сондай-ақ, АН-2 және ТL-2000 сынды 9 ұшу аппа­раты Астананың аспанында қалық­тайды. Ал заманауи бөлімде бүгінгі қазақ­стандық армия қару-жарағын құрайтын қарулар мен әскери техниканың үлгілері көрсетіледі. Әскери қызметшілер ең соңғы үлгідегі әскери киімдерді киеді.

Парадтың тағы бір ерекшелігі Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлерін, Қорғаныс министрлігінің иелігіне берілгеннен кейін алғаш рет барабаншылардың (дауылпазшылардың) құрама ротасында өнер көрсететін «Жас ұлан» төрт әскери мектептің тәрбиеленушілері, аумақтық қорғаныс бригадасының ротасы, әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен Әскери-техникалық мектептің әскери автомобильді техникасында алаңда жүріп өтетін Қорғаныс министрлігі әскери-техникалық мектептерінің шәкірттерін қатыстыруға тарту болып табылады.

Аталмыш іс-шараның негізгі түйіні әлі құпия ретінде сақталуда. Алайда, Қарулы Күштерде әскери қызметшілерді іріктеу және техниканы дайындау басталып та кетті. Әскери парад – бұл мерекелік және көзтартарлық іс-шара ғана емес, ол төл әскеріміздің жауынгерлік қуатын, Қарулы Күштердің техникалық тұрғыда жабдықталуын, еліміз бен халқымыздың егемендігі мен қауіпсіздігін күзетіп жүрген әскери қызметшілердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілеттілігін көрсету.

Бұдан бұрын Қазақстанда өткізіліп жүрген әскери парадтардың әрқайсысы өзінше айрықша және есте қаларлық болып келеді. Соңғы жылдары өткізіліп жүрген парадтардың ішінде 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған 2015 жылғы парад болды. Оның тарихи және заманауи бөлігінде Ұлы Жеңістің мұрагері ретінде ҰОС жылдары мен қазіргі заманғы қазақстандық армияның әскери техникасының үлгілері ұсынылды.

 

Қатысты Мақалалар