АҚШ президенті Дональд Трамп палата мүшелеріне Хиллари клинтон мен Ресей демократиялық партиясының мүшелері арасындағы байланысына қатысты тергеу жұмыстарын жүргізуге бұйрық берді, деп хабарлайды РИА жаңалықтар қызметі.
«Хиллари Клинтон Ресейге 20 пайыз уранды беріп жібергеннен кейін барлау жөніндегі комитет мүшелерінің Хиллари мен Билл арасындағы келіссөзді қарауға құлқысы жоқ. Трамп пен Ресей арасында байланыс бар деген қауесет ойдан шығарылған. Ресеймен нағыз байланысатын адам – Хиллари Клинтон» деп жазды Трамп өзінің Твиттердегі парақшасына.
Ақпанда АҚШ президенті сайлау барысында өзінің қарсыласы болған Клинтонды америкалық уранның 20 пайызын Ресейге өткізіп жіберді деп айыптаған болатын. Сайлау алды Клинтон да Трамптың Ресеймен еш байланысы жоқ екенін айтып қалған.
Айта кетейік, Трамп президент атанған соң халық арасында оның жеңісіне Ресей билігінің АҚШ-та өткен сайлауға қатысы әсер етті деген қауесет таралды. Алайда Ресей өзіне тағылған айыпты жоққа шығарып, өзге мемлекеттердің ішкі саясатына араласпайтынын мәлімдеген.